Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әйел-ана қызметте де құрметті

Әйел-ана қызметте де құрметті
Біздің елімізде әйелдер қызметтің сан саласында қоғам дамуына тер төгіп жүр.

Олардың үлкен бір тобы қоғамдық тәртіп сақтау саласында да еңбек етіп келеді. Оның нақты айғағы Тараз станциясы желілік полиция болімінде ер азаматтармен бір сапта жемісті қызмет атқарып жүрген Лаура Копбаева сынды аруымызды атауға болады. Бөлімдегі әкімшілік полиция бөлімшесі ұйымдастырушылық аналитикалық жұмыс тобының аға инспекторы полиция майоры Лаура Ордабекқызы осы салада ұзақ жылдардан бері жемісті қызмет атқарып келеді. Білікті маман.Өмірлік серігі, асыл жары Ғалым Маткаримов Ішкі істер органдарынан құрметті демалысқа шыққан, зейнеттегі полиция майоры, 2020 жылдың ақпан айында ұзақ мерзім ауырып, дүниеден озған. 

        Сол уақыттан бері полиция майоры Лаура Копбаева өмірдің қиыншылығына қарамастан, қызметтік міндеттерін адал атқарып, үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеп, қатарынан қалдырмай, өнегелі шаңыраққа айналып отырған жайы бар.Тараз станциясы Желілік полиция бөлімінде ер азаматтармен қатар, иық тіресіп еңбек етіп жүрген Лаура Копбаева саланың дамуына қосып отырған үлесі зор. Басшылық тарапынан да алғысқа бөленіпжүрген осындай қызымыздың өмірлік ұстанымы айқын, бағыты нақты. Қоғамдағы тәртіп пен құқық бұзушылықты қадағалауда кешегі тарихымызда ойып тұрып аты жазылған аруымыздың өнегесін өмірлік ұстаным еткен Лаура сынды қызымыздың қатары көбейе бергей.


Нариман Алибаев

Тараз ст.ЖПб бастығының кадр жұмысы

жөніндегі орынбасары

полиция подполковнигі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар