5 миллион теңге: Таразда тұрғынды бопсалаған қоғамдық белсенді ұсталды
- author AR-AY
- 19 наурыз, 2026
- 77
Жергілікті тұрғын Жамбыл облыстық Полиция департаментіне арызданып, өзіне қатысты бопсалау жасалып жатқанын хабарлаған. Өтініш иесінің айтуынша, қоғамдық белсенді оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытқан. Жағымсыз ақпаратты жарияламау және бұған дейінгі жазбаларды өшіру үшін ол 5 миллион теңге сұраған.
Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Арнайы жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті жәбірленушіден ақша алып жатқан сәтте қолға түсті. Ол талап етілген соманы алғаннан кейін әлеуметтік желілердегі қысымды тоқтатуға уәде берген.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды осындай заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда немесе бопсалау деректері анықталса, дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
Таразда күрестен Қазақстан чемпионаты аяқталды
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




