arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мопед – әлде өлім арбасы ма?

Мопед – әлде өлім арбасы ма?
Қазіргі таңда күнделікті азық-түлікті сатып алу үшін, таңнан кешке дейін қарапайым халық жұмыс жасауда. Солардың бірі ағылған көлікпен жарысып скутер, мопед, велосипед сынды жеңіл көліктер, қалайда ақша табамын деп аяқтары жерге тимей еңбек етуде

Ел арасында танымал көлік түрі - мопед. Сол жеңіл көлік арқылы бірі күнкөрістің қамымен еңбек етсе, кейбіреуі жай қызық үшін деп басқалардың мазасын алуда. Бір өкінішті жағдай мопед жүргізушілері күн сайын жол ережесін бұзып, оқыс оқиғалардың біршамасы осы жеңіл көліктерден болуда. Мәліметтерге сүйенсек, елімізде көшелерде жоғарыда айтылған көліктердің қатысуымен жол апаттары жиілеп кеткен. Нақтырақ айтқанда, курьерлік жеткізу қызметкерлерінің әрекетінен болатын жазатайым оқиғалар күн санап артуда. Қос дөңгелекті көлік тақымдағандардың көбі ыстық асты тез жеткіземіз деп, жол ережесін ұмытып кетеді. Қарапайым халықтың айтатындары -  саябақта демалуды ұмыттық дейді. Олар бізді емес, біз оларды байқап жол беретін күнге жеттік. Ертелі-кеш көшеге шыға қалсаң тар көшелердің шаңын көтеріп келе жатқанда қайда қашарыңды да білмей қаласың. Қазір мопед жүргізушілері қала көшелерін қойып, ауылдың тар көшесінде безектеп жол бермей жүр дейді, ауыл тұрғындары.    Жеңіл  көлік жүргізушілеріне айыппұл бағасын көтеріп, заңды күшейту керек.

Досымның өз көзімен көрген оқиғасымен бөлісті. Жаздыгүні кешқұрым саябақта серуендеп жүрген едім. Қасқағым сәтте жеңіл көлік мініп алған жас қыздар ұшып түсті. Жанымдағы барлық адам таңырқап, аң-таң болды. Барлық адамдар топырлап алғашқы көмек көрсетуге ұмтылды. Сөйтсе бірінің қолы, екіншісінің аяғы шығып кеткен. Олар жай ғана тасқа соғылып құлап түсті. Ал егер басқа бір үлкен көлікпен соғысқанда аман қалмас еді. Мұнымен айтқым келгені, қандай көлік түрін айдасақта тек қызық үшін емес, өзімізге керек жағдайда ғана пайдалансақ жөн болар еді. Ең бастысы жол ережесін сақтайық!

  Бекбергенова Асыл,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
 университетінің 4 курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар