Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратуға қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды – ІІМ

Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратуға қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды – ІІМ
коллаж: Аяулым ЖАМАНҚАРА
Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды

Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратпауға шақырып, ол үшін жауапкершіліктің барын ескертеді.

«Полиция ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізуде. Жалған ақпараттың таралуына жол берілмейді. Бүгінгі таңда жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Қостанай және Маңғыстау облысында 2 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 әкімшілік іс жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады», - деді министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев ОКҚ-де өткен брифингіде.

Оның айтуынша, кей жағдайда білместіктен жалған ақпаратты таратып немесе бөлісуі мүмкін. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын есте ұстаған жөн.

«Жалған ақпарат адамдарда үрей тудырып, су тасқыны салдарын жоюға тартылған мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі келтіреді. Еске сала кетсек, заң бойынша төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату, билік өкіліне бағынбау және оған қатысты қорқыту немесе зорлық-зомбылық әрекетін жасауға жауапкершілік күшейеді. Сондай-ақ, заң бойынша төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай деп танылады», - дейді ол.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар