arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ислам Байрамуков лауазымды қызметке тағайындалды

Ислам Байрамуков лауазымды қызметке тағайындалды
Туризм және спорт министрлігі
Ол – еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері

Белгілі спортшы Ислам Байрамуков Алматыдағы Республикалық спорт колледжінің директоры болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұйрығының негізінде Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінің директоры лауазымына Ислам Ілиясұлы Байрамуков тағайындалды, – делінген хабарламада.

Ислам Байрамуков – еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. 1971 жылы Жамбыл облысының Каменка ауылында туған. Республикалық олимпиада резерві училищесі (1989) мен Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының «Дене шынықтыру мен спорт оқытушысы» мамандығын бітірген (1993).

«Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы (1993-2004). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы (2003), Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетін «Қаржы және экономика» мамандығы бойынша (2005) аяқтаған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар