arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда тамшылатып суару қондырғылары шығарылады

Таразда тамшылатып суару қондырғылары шығарылады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпорынды аралады.

Аймақ басшысы алдымен тамшылатып суару жүйелерінің қондырғыларын шығаруды қолға алған «KAZ Каспий ГИДРО ауылшаруашылығы технологиясы» компаниясының тыныс-тіршілігімен танысты. 
Компания жобаға 6 миллион АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Мұнда барлығы 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінде өндірістік жабдықтарды орнату жұмыстары басталған. Облыс әкімі зауытты сәуір айының аяғына дейін іске қосуды тапсырды.
Вегетациялық кезеңде ылғал тапшылығын азайтуда су үнемдеу технологияларының маңыздылығын баса айтқан облыс әкімі кәсіпорынға тиісті қолдаулар көрсету жалғасатынын жеткізді. Бүгінде жергілікті және еліміздің өзге де өңірлерінің шаруаларынан тапсырыстар түсе бастаған.
Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев «Ғимарат-Темірбетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қызметімен танысты. Зауыт жылына 75 мың текше метр темірбетон бұйымдарын (100 түрлі) шығарады. Кәсіпорында 250 адам жұмыспен қамтылған.
Кәсіпорын өңірдің құрылыс индустриясын дамытуда, тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда маңызды рөлге ие.
Аймақ басшысы мемлекет тарапынан өндіріс саласына жан-жақты қолдаулар қарастырылғанын, сондай-ақ облыс аумағында жергілікті өндірушілердің тауарларына деген сұранысты арттыру керектігіне баса назар аудартты.

Облыс әкімінің
 баспасөз қызметі

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар