Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Биыл 19 инвестициялық жоба іске қосылады

Биыл 19 инвестициялық жоба іске қосылады
Егемен Қазақстан
Ел экономикасына инвестиция тарту – аса маңызды мәселе. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев те өңірімізге инвестиция тартуға айрықша назар аударып, тиісті басқарма басшыларына, аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеуде.

Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 85,5 миллиард теңгені құрап, 23,5 пайызға артқан. 2023 жылдың қорытындысымен облысқа тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі – 182,6 миллион АҚШ доллары. 
Жалпы облысымыза 2024-2027 жылдар аралығында құны 2,5 триллион теңгені құрайтын 70 инвестициялық жоба жүзеге асады. 2024 жылы 177 миллиард теңгеге 19 жоба іске асырылып, 1 304 жаңа жұмыс орны құрылады. 2024 жылға саудаға салынған инвестициялар бойынша индикатор 33 миллиард теңге болып бекітіліпті. Осы жылдың қаңтар-ақпан айында сауда саласына 646,4 миллион теңге инвестиция салынған. Ең үлкен үлес Тараз қаласына тиесілі – 92,8 пайыз немесе 600 миллион теңге.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда аудандарда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Сарысу ауданында өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 61 миллиард 362 миллион теңгені құрап, 2022 жылдың 12 айымен салыстырғанда 175,3 пайызға жоғары орындалған. 
Облыс әкімінің аудандар бөлінісінде бекіткен инвестиция тарту бойынша индикаторлық көрсеткіші аудан көлемінде толығымен орындалыпты. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 9 миллиард 200 миллион теңге салынған. Жекеменшік қаражат есебінен 52 миллиард 162 миллион теңге инвестициялық салым салыныпты.
– Облыс әкімінің аудандар бөлінісінде бекіткен индикаторлық көрсеткішіне сәйкес 2024 жылы 64 миллиард 83 миллион теңге инвестиция салу жоспарланды. Нәтижесінде кәсіпорындар тарапынан негізгі капиталға 61,6 миллиард теңге инвестиция салынады деп күтілуде. Қосымша шағын және бюджеттік инвестициялар бар. 2024 жылдың наурыз айына бекітілген индикатор жоспары – 4 миллиард 57 миллион теңге. Бұл көрсеткіш 5 миллиард 562 миллион теңгегемен орындалады деп жоспарланып отыр, – дейді Сарысу ауданы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жұмат Сақыпбеков.

Э.Тілеубердіқызы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар