Кеше 8 сәуірде сағат 16.00 шамасында Меркі аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Тексеру барысында бұл ақпарат расталмады. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы ауданның 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол есірткіге мас күйде қоңырау шалғанын мойындады. Ұсталған адам бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған және есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған. Өткен жылы жоғарыда аталған наркологиялық диспансерде мәжбүрлі түрде стационарлық емдеуден өткен, - делінген Ішкі істер ведомствосының хабарламасында.
Қазіргі уақытта терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстегі осы қылмыс үшін 5 мың АЕК (бұл 18 млн теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл не болмаса бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін тағы да еске салады.
Сонымен қатар сот шешімі бойынша кінәлі адам “жалған терроризм” актісі салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге мәжбүр болады
«Жүрек ауырады»: танымал актер су басқан үйін көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024