Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Жүрек ауырады»: танымал актер су басқан үйін көрсетті

«Жүрек ауырады»: танымал актер су басқан үйін көрсетті
видеодан алынды
«Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабеков Атырау облысына қарасты Құлсары қаласына барып, туып-өскен үйінің суға кеткенін көрсетті.

"Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабеков Атырау облысына қарасты Құлсарына қаласына барып, туып өскен үйінің суға кеткенін көрсетті.

«Балалық шағымның өткен жері ғой. Қара шаңырақ... Жүрек ауырады. Алла сабыр берші», - деді актер суға кеткен ауылын көрсетіп.

Желі қолданушылары да актердің парақшасына өз қолдауларын білдіріп, «Аллам жеңілдігін берсін бауырым», «Алла бәрімізге жар болсын, сол туып-өскен жердің осы күйге жеткендігі жанды жаралап тұр», «Балалық шағымыз өткен ауылымыз мынадай болады деп кім ойлаған. Алла сабыр берсін», «Туған үйге,туған жерге ештеңе жетпейді ғой.  Әттең алдын ала қамданып жағдай жасаса ғой», «Жанболат бәрі жақсы болсын», – деп пікір қалдырған.

Айта кетейік, Жанболат Найзабеков 1988 жылы Атырау облысы Жылой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Бұл қала 5 сәуірде тасыған судың астында қалды. Соның салдарынан 2600 үйді су шайып, тұрғындар эвуакцияланды. Төтенше жағдай кезінде белгілі болған көрсеткіштерге сәйкес, Құлсары қаласынан Маңғыстауға 18 391 адам тасымалданғаны ресми айтылды. 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар