Қоғам
20 мың теңгелік банкнот айналымға жаңа дизайнмен шығады (ВИДЕО)
- author AR-AY
- 30 қыркүйек, 2022
- 182
20 мың теңгелік банкнот айналымға жаңа дизайнмен шығады (ВИДЕО)
2022 жылғы 1 қазанда Қазақстан Ұлттық Банкі номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарады.
Банкнот айналымдағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған. Мысалы, бет жағында көбіне тігінен орындалған бейнелер, сырт жағында көлденең орындалған бейнелер орналасқан. Дизайны номиналдың голографиялық бейнесі тігінен орналасқан металсыздандырылған жолақты қолдана отырып жасалған.
Банкноттың 25 қорғаныш элементі бар, мөлшері 155х79 мм және сұр түске басымдық берілген.
Бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, «Қазақ Елі» монументі, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Басқұр» қазақ ұлттық ою-өрнегінің фрагменті және Тәуелсіздік жылдарын білдіретін «30» саны бейнеленген.
Сондай-ақ банкноттың екінші бетінен Астананың және Ақорда резиденциясының панорамалық көрінісін көруге болады.
Номиналы 20 000 теңгелік жаңа дизайндағы банкнот өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі банктерде банктік шоттарға есепке алуға және аударуға, ұсақтауға, айырбастауға жатады.
Жаңа купюра «Қазақ Елі» сериясымен ұсынылған қазіргі таңда айналымда бар 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік номиналдағы банкноттардың қатарын толықтырады.
Қосымша түсініктеме:
Бұған дейін (2015 және 2021 жылдары) шыққан номиналы 20 000 теңгелік банкноттар жаңа дизайндағы банкноттармен бірге айналымда қатар жүре береді. Олардың барлығы өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі банктерде банктік шоттарға есепке алуға және аударуға, ұсақтауға, айырбастауға жатады.
Келесі мақала