Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨШПЕЙДІ

ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨШПЕЙДІ
ашық дереккөз
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨШПЕЙДІ
Жамбыл аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Баттал Жаңабайұлының туғанына 95 жыл толуына орай «Таланты танылған қаламгер» тақырыбында іс-шара өтті. Баттал Жаңабайұлының өмір жолы мен еңбегін көпке насихаттау, өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке баулуды мақсат еткен іс-шарада оқу залының кітапханашысы Нұрипа Манабаева баяндама жасады. Кітапханашы өнегелі өмір иесінің тұлғалық болмысын ашып беруге тырысты. – Баттал Жаңабайұлы өзінің саналы ғұмырын журналистика саласына арнады. Еңбек жолын Семей қаласындағы облыстық «Екпінді» газетінің редакциясында әдеби қызметкер болып бастап, одан кейін жауапты хатшының орынбасары, жауапты хатшы, партия тұрмысы және үгіт-насихат бөлімдерінің меңгерушісі болды. 1957 жылдың тамызынан бастап «Сталиндік жол», кейіннен «Еңбек туы» (қазіргі «Aq jol») газетінде үгіт-насихат бөлімін басқарады. 1962 жылдың сәуірінен Жамбыл облыстық партия комитетінде жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. 1965 жылдың 6 ақпанынан 1985 жылғы наурызға дейін облыстық «Еңбек туы» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Облыс журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан Баттал Жаңабайұлы «Тірегің мен күшіңе сенбе, істеген ісіңе сен» деген қазақтың аталы сөзін дәлелдеген жан. Қайраткердің бас редакторлық қыры, мінезі, адам басқара алатын қабілеті бүгінгі жастарға үлгі, – деген кітапханашы Баттал Жаңабайұлының туғанына биыл 95 жыл толуына орай облыс әкімдігінің қолдауымен Тараз қаласында көрнекті қаламгердің тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылғанын атап өтті.

Асыл БЕКБЕРГЕНОВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар