Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙЫҚ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙЫҚ
ашық дереккөз
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУҒА САЛҒЫРТ ҚАРАМАЙЫҚ
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық жиында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен тұрғындарды толық қамту мәселесі қаралды. Жиында алдымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы облыс бойынша филиалының директоры Ләззат Әлімова баяндама жасады. Спикердің айтуынша, облыста 1 222 618 тұрғын болса, 288 152-сі сақтандырылмаған. – Әлі күнге дейін сақтандырылмаған тұрғындар ақысыз қызметтерден тыс қалып отыр. МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындар көрсеткішіне сараптама жасалды. Сараптама бойынша Қордай, Шу және Жамбыл аудандарында халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту шараларының көрсеткіші мүлдем төмен екені анықталды. Қалған аудандарда жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен көрсеткіш көңіл көншітерліктей емес. Сондай-ақ өңірде 4 161 тұлғаның тұрақты жұмысы бола тұра сақтандырылмағаны анықталды. Сараптама көрсеткендей, жүйеге тіркелмеген қызметкерлерің 117-сі құқық қорғау, 2 699-ы мектеп, 1 345-і балабақшада еңбек ететін мамандар, – дейді Л.Әлімова. Мұнан соң облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова баяндама жасап, аталған мәселе бойынша аудандарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 5 айда 38 234 адам сақтандыру төлемдерін жасап, сақтандырылмаған тұлғалар саны 212 453-ге азайған. – Тараз қаласы бойынша 82 742 сақтандырылуы жоқ тұрғынның 13 160-сы сақтандырылып, көрсеткіш 69 582 адамға азайды. Байзақ ауданы бойынша сақтандырылмағандардың саны – 23 275. Ал сақтандырылған халық саны – 19 952. Сондай-ақ Жамбыл ауданында сақтандырылмаған 18 338 тұрғынның 2 867-сі жуырда сақтандыру мәртебесін алды. Жуалы ауданында 2 276 адам сақтандыру қорына тіркелді. Қордай ауданында 4 433 адам сақтандырылып, тіркелмегендер саны 32 702-ге азайды. Сол секілді Меркі ауданында сақтандырылмай келген 21 205 тұрғынның 2 742-сі жуырда жүйеге тіркелді. Мойынқұмда да соңғы көрсеткіш бойынша 943 адам сақтандырылып, 3 940 адам қалып отыр. Аймақта тұрақты жұмыс орны бар, алайда сақтандыру төлемдері жасалмаған тұлғалар саны – 67. Т.Рысқұлов ауданында жыл басынан бері 2 099 тұлға сақтандырылды. Ауданда жұмыс орны бар, алайда сақтандыру төлемдері жасалмағандар саны – 457 тұлға. Ал Сарысу ауданында 6 749 сақтандырылуы жоқ тұлғаның 1 465-і сақтандыру мәртебесін алды. Талас ауданында соңғы үш айда 1 483, ал Шу ауданында 3 443 адам сақтандырылды, – деді Ж.Оспанова. Баяндамашы өз сөзінде МӘМС бойынша төлем жасаудан бас тартқан тұрғындардың барлығы жұмыссыз екенін жеткізді. Басқарма басшысы аталған мәселе бойынша әр аудандағы мансап орталықтары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, уақытша бос жүрген тұлғалардың барлығы жұмыссыз мәртебесімен тіркеуге алынатын болса, жұмыссыздық деңгейі өсіп кету қаупі бар екенін жеткізгенін айтып өтті. – Азаматтардың МӘМС төлемдерін жасай алмауына тағы бір себеп – кей елді мекендерде халықтың әл-ауқатының төмендігі. Орта есеппен алатын болсақ, бір отбасының асыраушысының тапқан табысы коммуналдық төлемдерді қоспағанда отбасының азық-түлік, дәрі-дәрмек, басқа да қажеттіліктерінен артылмайды. Сондай-ақ сақтандыру мәртебесі шығу үшін МӘМС төлемдерін келесі 12 айға төлеуге болатынын ескерсек, бірқатар азамат медициналық көмекке жүгінгенде ғана төлем жасауды жөн көреді, – дейді Жанар Мықтыбекқызы. Баяндамашылардың есебінен соң аймақ басшысы туындаған мәселелер бойынша аудан әкімдерінен жауап алды. Атап айтқанда, көрсеткіш деңгейі төмен Тараз қаласы, Қордай, Шу аудандарының әкімдерінен жұмыстар неге баяу жүргізіліп жатқанын сұрады. Осы ретте аудан әкімдері жүйеге тіркелген мекеме қызметкерлері ұзақмерзімді еңбек демалысына шыққан жағдайда автоматты түрде тізімнен шығып қалатынын, оның көрсеткішке әсер ететінін жеткізді. Сондай-ақ бұрынғысынша ай сайын емес, бір жылға жасалатын төлем кейбір тұрғындардың қалтасына ауыр соғып жатқанын да тілге тиек етті. Кеңес соңында облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсуді тапсырды.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар