Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандық сәйгүлік Кабирхан мен қазақ жокейі Бауыржан Мырзабаев ертең мәртебелі бәйгеге қатысады

Қазақстандық сәйгүлік Кабирхан мен қазақ жокейі Бауыржан Мырзабаев ертең мәртебелі бәйгеге қатысады
ашық дереккөз
Қазақстандық сәйгүлік Кабирхан мен қазақ жокейі Бауыржан Мырзабаев ертең мәртебелі бәйгеге қатысады
30 наурызда әлемнің үздік жокейлері мен ең жүйрік сәйгүліктері бақ сынайтын Dubai World Cup бәйгесі өтеді. Дубай қаласында өтетін мәртебелі бәйгеге талай халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген қазақ жокейі Бауыржан Мырзабаев пен шашасына шаң жұқтырмаған - аузымен құс тістеген қазақстандық сәйгүлік Кабирхан да қатысады. Қазақстандық жокей Бауыржан Мырзабаев мәртебелі бәйгеде (Dubai World Cup) Dura Erede атты жапон сәйгүлігімен бақ сынайды. Ал қазақстандық Тілек Мұханбетқалиевке тиесілі Кабирхан тұлпарымен Пэт Доббс есімді Ирландия азаматы шабады. Dubai World Cup – ат спорты түрлерінің арасында әлемдегі ең мәртебелі бәйгелердің қатарына жатады. Бәйгені қазақстандық жанкүйерлер QazSport телеарнасынан тамашалай алады. Мәртебелі жарыстың трансляциясы 30 наурызда Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Бәйгеде бас-аяғы 12 сәйгүлік сынға түседі. Қазақстандық сәйгүлік – Кабирхан 2-ші нөмірмен, ал Бауыржан Мырзабаев тақымдайтын Dura Erede тұлпары 2-ші нөмірмен өнер көрсетеді. Әлемге танымал жокей, халықаралық бәйгелерде бірнеше рет топ жарған қазақ шабандозы Бауыржан Мырзабаев жылына жүздеген бәйгеге қатысады. Тіпті, бір жыл ішінде 800 рет бәйге шауып, соның басым бөлігінде мәреге бірінші болып жеткен. Бауыржан Мырзабаев бес тілді меңгерген, енді жапон тілін үйреніп жүр. Өйткені, тіл білу кәсіби карьерасы үшін өте қажет. «Қазақ, ағылшын, неміс, чех және орыс тілдерін білемін. Қазір жапон тілін үйреніп жүрмін. Жапон тілі оңай емес: не жаза алмайсың, не оқи алмайсың. Өте қиын. Бірақ жапон тілін үйреніп, лизенциясын алатын болсам, қарапайым тілмен айтқанда бай боламын. Өйткені жапон жокейлері жылына 1-2 млн доллар жеке табысқа шығады. Кім қандай жұмыс істесе де, алдымен елінің атын шығарып, одан соң ақша тапқысы келеді», - деді жокей Ұлттық спорт қауымдастығының YouTube арнасына берген сұқбатында.
 
фото дереккөздері: Dubai Racing Club, instagram.com/bauyrzhanmurzabayev/
 
 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар