Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қауіпсіздік ережелері қаперден шықпасын

Қауіпсіздік ережелері қаперден шықпасын
Ашық дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Әкімбаев, департаменттің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Дархан Жапаров, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Талғат Байзақов баспасөз мәслихатын өткізді.

Мақсат Әшірбайұлының айтуынша, жылыту маусымы басталғалы облыс бойынша тұрғын үй секторында 155 өрт тіркелген. Бұл өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 14 пайызға кеміген. Өртте жарақат алғандар саны да 2 дерекке азайыпты. Сонымен қатар 9 улы газбен улану оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза тауыпты.

– Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын 5 219 тұрғын үйді есепке алып, барлығы жылыту маусымы басталғанға дейін алдын алу жұмыстарымен қамтылды. Сондай-ақ 6 753 азаматқа нұсқау берілді.

Ал жылыту маусымы барысында аталған санатқа жататын азаматтардың үйлері қайта қаралып, 9 536 азаматқа нұсқау берілді. 4 616 үйде анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылды. Бұзушылықтардың 90 пайызы электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын және автономды жылу жүйелерін пайдаланумен байланысты екенін атап өту қажет.

Тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алу, қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында тұрғын үйлерде датчиктерді орнату жұмыстары жалғасуда. Жалпы 6 052 датчик орнатылды, – деді спикер. Мұнан соң Мақсат Әшірбайұлы мемлекеттік өрт бақылау жүргізу тәртібіне тоқталды. Ал Дархан Жапаров су тасқыны кезеңіне дайындық барысы, Талғат Байзақов қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы баяндады.

А.Орынбасарқызы 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар