15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күніне орай ұйымдастырылған брифингте тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы пайдалы мәліметтер берілді. – Қазіргі цифрлық қызметтер көптеген пайдаланушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тауарлар мен қызметтердің кең ассортиментін ұсынады. Қызметтің негізгі міндеті – пайдаланушының сұранысына ең дәл жауапты қалыптастыру.
Қызметтің экономикалық тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігі осы мәселенің қаншалықты сәтті шешілгеніне тікелей байланысты. Өйткені пайдаланушының әрбір сәтті транзакциясы қандай да бір жолмен коммерцияланады. Соңғы жылдары жасанды интеллект цифрлық әлемнің ажырамас бөлігіне айналды. Көптеген салаға еніп, экономиканың негізгі салалары – банкинг, сауда, медицина және өнеркәсіптің дамуына үлкен әсер етті. «Siri», «GoogleAssistant», «Yandex Alice» сияқты дауыстық көмекшілер үй автоматикасын басқаруға, тауарларға тапсырыс беруге, ақпаратты табуға және тағы да пайдалы қызметтерге мүмкіндік береді. AI арқасында үй құрылғылары интуитивті және қолдануға ыңғайлы болды, – деді Байқадам Еркінбекұлы.
Бұдан соң сөз алған азаматтық құқықтарды қорғау комитетінің төрайымы Ирина Федорова тұтынушылардың құқықтарын қорғауда департамент пен қоғамдық бірлестіктердің іс-қимыл алгоритмінің айырмашылығы неде екендігін түсіндірді. – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау – мемлекеттің әлеуметтік маңызды функциясы. Мақсаты – тұтынушылар мен кәсіпкерлердің мүдделерінің тепе-теңдігіне қол жеткізу. Тұтынушылар мен қызмет көрсететін тұлғалар арасындағы тиімді қарым-қатынасқа қол жеткізу үшін медиацияны қолданған жөн, – деді ол.
Э.Тілеубердіқызы
Алып күш иесі жуалылық жастармен жүздесті
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024