Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алып күш иесі жуалылық жастармен жүздесті

Алып күш иесі жуалылық жастармен жүздесті
Ашық дереккөз
Әлемнің бірнеше дүркін рекорд иесі, «100 ауыл» әлеуметтік жобасының авторы Сергей Цырульников жуырда Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылына келіп, бірқатар мектептің оқушыларымен патриоттық кездесулер және шеберлік сағаттарын өткізді.

  Ерекше алып күштің иесі, темірді сазбалшықтай илейтін спорт шебері Сергей Цырульников алдымен №15 Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейде болып, оқушылармен кездесті. Қонақтардың қатарында Ауған соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Николай Кремениш, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл және басқа да ардагер азаматтар болды. Топты бастап келген спорт саңлағын оқушылар мен ұстаздар мектептің ауласынан күтіп алып, кіреберістен қазақы дәстүрмен дәм татқызды. Мектептің фойесінде қонақтарға ұлттық тағамдардан бауырсақ, құрт және қымыз ұсынылды. Мектеп-лицейдің спортзалында өткен іс-шара барысында «100 ауыл» әлеуметтік жобасын жүзеге асырып жүрген белгілі азаматтар сөз сөйлеп, денешынықтыру мен спорттың ел дамуындағы және азаматтардың денсаулығын нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Қонақтар оқушыларды озат болуға, спортты жанына серік етіп, саламатты өмір салтын ұстанып, мемлекеттің дамуына және ұлттың сапасын қалыптастыруға атсалысуға шақырды. Басқосуда сөз алған Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл жоба жайлы мол мағлұмат беріп, жастарға ақыл-кеңесін айтты. – Жуалы өңірі – қасиетті жер. Бұл өлкеден небір алыптар және танымал тұлғалар өмірге келіп, еліміздң даңқын асқақтатып, абыройын асыруға атсалысып келеді.

Басқаларын айтпағанда, бір Бауыржан Момышұлының өзі неге тұрады?! Бауыржан десеңіз, әлем қазақ дейтін халықты таниды. Ал қазақ десеңіз, оның Бауыржан Момышұлындай даңқты перзенті, ержүрек батыр азаматы бар екенін жақсы біледі. Сондықтан қай кезде де Жуалы ауданы қасиетті де киелі өлке саналады. Бүгінгі кездесу жастардың тәлім-тәрбиесіне, олардың өмірге және болашаққа, еңбекке деген көзқарастарының дұрыс қалыптасуына үлкен әсер етеді деген сенімдемін. Жастар – біздің болашағымыз, үкілі үмітіміз.

Сондықтан балалардың санасы ояу болып, мектепте терең білім алғаны абзал. Жас ұрпақтың дені сау болсын десек, ең біріншіден, олар саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануы қажет. Сонда болашағымыз да жарқын болады, – деген Бақытбек Смағұл мектеп-лицейдің директоры Руслан Сайлаубаевқа Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісін салтанатты жағдайда табыстады. Дәл осындай төсбелгіні көпшіліктің алдында Сергей Цырульниковтің де кеудесіне жарқыратып тақты. Келесі кезекте сөз алған берілді. Ауған соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Николай Кремениш оқушыларды жақсы оқып, жаңа заманға сай білім алуға, қасиетті Отанды, ел мен жерді қорғауға

Нұжан Манасұлы, 

Журналист,

Жуалы ауаны 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар