Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

САЛЫҚ РЕФОРМАСЫ БИЗНЕСТІ «КӨЛЕҢКЕДЕН» ШЫҒАРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

САЛЫҚ РЕФОРМАСЫ БИЗНЕСТІ «КӨЛЕҢКЕДЕН» ШЫҒАРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
ашық дереккөз
САЛЫҚ РЕФОРМАСЫ БИЗНЕСТІ «КӨЛЕҢКЕДЕН» ШЫҒАРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастық өкілдеріне жаңа Салық кодексін әзірлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде салық реформасы бойынша негізгі тәсілдерді таныстырды. ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов жаңа Салық кодексіне ұсыныстарды талқылау және әзірлеу үшін палата жанынан құрылған арнайы топтың жұмысының қорытындысы туралы айтты. Салалық қауымдастықтар және кәсіпкерлермен бірнеше рет өткізілген жиналыстардың қорытындысы бойынша жаңа Салық кодексіне бірқатар ұсыныс дайындалды. Жиын барысында бизнес-қоғамдастық өкілдері онлайн және офлайн форматта барлық мәселені талқылап, бизнес-қоғамдастықтың позициясын одан әрі мемлекеттік органдарға жеткізу үшін ұсыныстар мен сараптамалық пікір білдіруге мүмкіндік алды. Бизнес өкілдерінің белсенділігінің нәтижесінде Мемлекет басшысы қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру туралы ұсынысты қолдамады. Сондай-ақ фискалдық органдар «e-Tamga» жүйесін енгізу идеясынан бас тартты. Жүйе іс жүзінде төлем жүйесінің баламасы болуға тиіс еді. Ұлттық палата әзірлеген ұсыныстар кешені бірнеше бағытты қамтиды. Салық режимдерін реформалаудың маңызды алғышарттары салық түсімдерінің ағымдағы құрылымы, бизнесті ірілендіруге ынталандырудың болмауы, «көлеңкелі» жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі сияқты факторлар болып отыр. Сондықтан Ұлттық палата жалпыға бірдей салық реформасын жүргізу арқылы салық төлеуші мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас жүйесін түбегейлі реформалауды ұсынды. Реформаны бизнес-субъектінің өлшеміне қарай үш режимді енгізу арқылы іске асыру ұсынылып отыр. Осылайша экономика құрылымы бизнесті ірілендіру қағидаты бойынша қалыптастырылатын болады. Бұл процесс салықтық міндеттемелерді орындаудың қарапайым тәсілімен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардан бастап, шағын және орта бизнес деңгейіне көшу және одан кейін ірі бизнес деңгейіне дейінгі аралықты қамтиды. Реформаның нәтижесі рәсімдерді оңайлату, шағын және орта бизнес үшін ең төменгі жүктемені белгілеу, салықтарды төлеудің қарапайым тәсілдері және бизнесті заңдастыру болуы тиіс. Қаржы секторының субъектілері жер қойнауын пайдаланушыларды қоса алғанда, ірі бизнес үшін негізгі капиталға инвестиция және жоғары қосылған құнды құру үшін әмбебап ынталандыруды көздей отырып ағымдағы салық салу режимін сақтау ұсынылады. Тимур Жаркенов ҚҚС төлеуші ретінде тіркелу мәселесінің маңыздылығын атап өтті.  Кәсіпкерлерге қосылатын құнға салық шегі тиіп кетпеуі үшін салық режимдерін қарастыруды ұсынамыз. Бұл айналымы 15 миллиард теңгеге дейінгі бизнес субъектілерін қамтиды. Демек, мемлекет расымен де ірі бизнеске назар аударады. Егер бизнес ірі болса, оның айналымы осы белгіге жақындаса, онда оның саны шектеулі болады. Сәйкесінше мемлекет ірі бизнесті анықтай алады, сәйкестендіреді және оның ҚҚС төлеуін қамтамасыз ете алады. Бұл шара бюджетті толықтыруды қамтамасыз етуі мүмкін, бірақ екінші жағынан, бизнес үшін салық төлеуді едәуір жеңілдетер еді, – деп нақтылады Ұлттық палата төрағасының орынбасары. Кәсіпкерлер үшін келесі өзекті мәселе – еңбекақы төлеу қорына жүктеме. Қазіргі уақытта еңбекақы қорына жүктеме 38-40 пайызға дейін жетеді. Мен негізгі жүктеменің мысалын келтіремін: қызметкердің қолына 100 мың теңге төлеу үшін кәсіпкерге белгілі бір қорларға қосымша 40 мың теңге төлеуі қажет. Нәтижесінде бұл өте үлкен жүктеме және «көлеңкелі» нарықтың дамуын ынталандырады, – деді Тимур Жаркенов. Еңбекақы қоры бойынша төлемдерді реформалау қажеттілігі төлемдердің едәуір санына ғана емес, сонымен қатар әр төлем үшін «өзіндік» базаның және есептеу шегінің болуына байланысты. Қазіргі кезекте мәселе осы төлемдердің мөлшерінде ғана емес. Оларды есептеу өте қиын. Төлемдердің әр түріне жеке сома, жеке төлем құжаты қажет. Яғни бүкіл бухгалтерлік есепті жүргізу керек. Әрине, бұл жайт бизнес үшін қиын. Сондықтан біріншісі – есептеу үшін базаны біріздендіруді ұсынамыз. Екіншісі – бизнестің барлық қаражатқа 20 пайыз аударуға дайын екені туралы консенсус пікірі бар, – деп түсіндірді Тимур Жаркенов. Өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрайымы Тахмина Нағуманова ұсынылған салық режимдерін реформалау бизнеске өз қызметін тыныш және ашық жүзеге асыруға, сонымен қатар бизнестің шамасына қарай салық төлеуге мүмкіндік береді деп есептейді. «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастық өкілдері егер мемлекеттік органдар ымыралы шешім тауып, бизнес ұсынған осы бастамаларды іске асыратын болса, онда бұл ел экономикасын дамытуға оң ықпал етеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар