Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ербол Қарашөкеев: Жобалық-сметалық құжаттамалардың сапалы орындалуы маңызды

Ербол Қарашөкеев: Жобалық-сметалық құжаттамалардың сапалы орындалуы маңызды
ашық дереккөз
Ербол Қарашөкеев: Жобалық-сметалық құжаттамалардың сапалы орындалуы маңызды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжаттамаларының әзірлену барысы мен көктемгі дала жұмыстарының жай-күйі талқыланды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның бұған дейін басталған және дайындалу кезеңіндегі жобаларға жасалған талдау қорытындысы туралы баяндады. Аймақ басшысы жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеудегі кемшіліктерді сынға алып, салынатын нысандардың сапалы болуында құжаттама жұмыстарының маңыздылығын баса айтты. Бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы қажеттігін ескерткен облыс әкімі құрылыс басқармасына ЖСҚ-ны тапсырыс беруші тараппен бірлесе дайындау бойынша бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Ал ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мұқашев көктемгі егіс-дала жұмыстарына тоқталып, биыл облыста 644,5 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отырғандығын жеткізді. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 364,7 мың гектарға, майлы дақылдар – 45,8, қант қызылшасы – 7,9, картоп – 4,5, көкөніс – 23,1, бақша дақылдары – 7,9 мың гектарға және мал азығы дақылдары – 190,5 мың гектарға егіледі деп көзделуде. Бүгінде дала жұмыстарына қажетті 44,8 мың тонна тұқымның 42,9 мың тоннасы дайындалып, Байзақ, Жамбыл және Меркі аудандарында көктемгі дала жұмыстары басталды. 1 280 гектарға арпа, 225 гектарға көкөніс пен 32 гектарға картоп егілді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, биыл суды тиімді пайдалану мақсатында облыстағы су үнемдеу технологиялары пайдаланатын алқапқа қосымша 7 мың гектар қосылуда. Соның есебінен жалпы 47 мың гектар су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарлануда. Облыс әкімі аудандардан жеке-жеке жауаптар алып, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы, жанар-жағармайды жеткізу ісіндегі шараларды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстары сапалы әрі уақтылы жүргізілуі қажеттігін ескертті.
- Кабинетте ортырып, сапасыз ақпарат бермей, өздеріңіз аралап, көзбен көріңіздер. Бізге қағаз бойынша көрсеткіштер емес, нақты ақпарат керек. Шаруалармен тығыз байланыста болыңыздар. Сондай-ақ мемлекеттік қолдау мен жеңілдетілген несиелерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, - деген облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар