Жаңалықтар
Жылқы етінің бағасында өзгеріс бола ма – министр жауап берді
- author AR-AY
- 26 наурыз, 2024
- 366
Жылқы етінің бағасында өзгеріс бола ма – министр жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жылқы етінің бағасына қатысты пікір білдірді.
Айта кетейік, биыл қыста Ұлытау облысында 360 бас жылқы қырылған болатын. Бірақ, бұл да түпкілікті дерек емес. Қазіргі уақытта өңірде өлген жылқыларды анықтау бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Өлген жылқыларды иелері де табылар емес.«Жылқы еті қымбаттамайды. Өйткені, елімізде жылқы шаруашылығы жақсы дамып келе жатыр. 4 млн бастан артық жылқы бар. Сондықтан да жылқы еті қымбаттамайтындығы анық», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді inDrive пен ҚазАвтоЖол жүргізушілерге жол кедергілері туралы бірлесе ескертеді
- авторAR-AY
- 27 желтоқсан, 2025




