Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының көмегі көп

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының көмегі көп
Ашық дереккөз
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қормен бірге жекеменшік емханалар мен аруханаларды жүйеге тарту және олардың қызмет аясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуге басымдық берді. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар медициналық көмектің қолжетімділік деңгейін арттыруда. Тағы бір мысал, емханалық және стационарлық қызмет көрсетуге тарифтер шамамен 2014 жылдан бері өскен жоқ. Осы уақыт ішінде коммуналдық қызметтер қымбаттады, жалақы өсті. МӘМС жүйесін енгізген кезде бұл проблемалардың барлығы ескерілді, казіргі таңда шешімін тапты.

 «Аритмологическая клиника» ЖШС – облыс халқына сапалы қызмет көрсетіп отырған медициналық орталық. Мекеме өзінің даму жолында жаңа емдеу технологиялары мен диагностикалау әдістеріне көңіл бөліп, сол технологияларды енгізу мақсатында елеулі жұмыс атқарып келеді. Заманауи технологияларға қажет құрал-жабдықтар мен медициналық аппараттарды алу, сондай-ақ өз деңгейімізде білікті мамандарды дайындау, жұмысқа сырттан жаңа технологияларды игерген тәжірибелі мамандарды шақырту сияқты негізгі күрделі мәселелерді тез арада шешу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Клиникада 2021 жылдың қаңтар айынан бастап интервенциялық кардиология мен кардиохирургиялық бағытын дамыту қолға алынды. Даму бағыттарымыздың тағы бірі – кардиологиядағы аритмология саласы. Бүгінде біздің орталық науқастарға МӘМС есебінен ақысыз медициналық көмек көрсетеді.

2023 жылы біздің клиникада 505 науқас емделіп шықты, оның ішінде қаңтар айынан ашылған кардиохирургия бөлімі 144 рет жүрекке заманауи технологиялық кіші инвазиялық операциясын жасады.Сондай-ақ 360-тан астам адам аритмологиялық ауруларымен емделді. Аталған қызмет түрлері халық арасында жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітімді азайтып, халықтың өмір сүру жас мерзімінің ұзаруына және өмір сапасын арттыруға тікелей септігін тигізіп жатыр.Себебі бұрынғы кезде жоғарыда аталған көмек түрлері тек республикалық орталықтарда ғана көрсетілетін. Бүгінде аудан, қала халқына қажетті жағдай жасалып жатқаны қуантады. Жалпы медициналық көмек түрлерін шұғыл және жоспарлы түрде жергілікті жерде жасауға мүмкіндік бар. Бұл бастамалар – ел игілігіне жасалынып жатқан үлкен нәтижелі еңбек.

Мавлюда Бокаева,

«Аритмологическая клиника» Жшс медициналық орталығы

директорының медициналық

бөлім бойынша орынбасары

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар