Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түзеу мекемесіндегі психология саласы мамандарымен өткен дөңгелек үстел

Түзеу мекемесіндегі психология саласы мамандарымен өткен дөңгелек үстел
ашық дереккөз
Түзеу мекемесіндегі психология саласы мамандарымен өткен дөңгелек үстел
Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінің қызметтері мен Ұлттық Ұлан Бас қолбасшылығының арнайы контингент арасында қасақана бұзушылықтар,дене жарақаттарын салу және суицидтердің алдын-алу бойынша өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дөңгелек үстел өтті. Онда білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарынан психология саласындағы мамандарды, психологтар мен психиатр-дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Ұлттық Ұлан 5513 әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары Талғат Олжабаев, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының суицидологы Калашникова Оксана, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар "Әлеуметтік психология" кафедрасының аға оқытушылары, психология магистрлері Абдрахманова Айгуль, Минасипова Айзат арнайы шақыртылды. Дөңгелек үстелде пікір-талас, слайдтар, сараптамалық ізденістер мазмұнындағы ұсыныстармен бөліскен мамандар жалпы психология саласына қатысты зерттеулерге де тоқталып өтті. Әрі қарай, психологтар қызметкерлер арасында ойын терапиясын жүргізді. Мекеме психологы әділет капитаны Аяулы Исакова келген қонақтарға бірлескен жұмыс үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да кездесулер, оқыту семинарлары ұйымдастырылатынын жеткізді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар