Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Құрылысы аяқталған газ тарату стансасы неге іске қосылмай тұр?

Құрылысы аяқталған газ тарату стансасы неге іске қосылмай тұр?
Ашық дереккөз
Өткен жылы 11,8 миллиард теңгеге 36 елді мекенді газдандыру үшін құрылыс жұмыстары қолға алыныпты. Нәтижесінде былтыр 11 елді мекен табиғи газға қосылып, облыстың газбен қамту деңгейі адам санына шаққанда 91,1 пайызға жеткен. Қалған 25 елді мекендегі құрылыс жұмыстары биыл да жалғасуда. Жалпы облыста 371 елді мекен болса, онда 1 222 562 халық тұрады. Бүгінде 285 елді мекеннің 1 108,2 мың тұрғыны көгілдір отынның қызығын кө­ру­де. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, 2024 жылы 11 елді мекендегі 17 мың тұрғынды табиғи газбен қамту жоспарланып отыр. Осы арқылы облыс халқының 92,4 пайызы табиғи газбен қамтылмақ.

Жоба бойынша биыл құрылыс жұмыстарын бастау үшін салалық басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарлама енгізіледі.Қалған 2 кезең бойынша 8 миллиард теңгеге 6 елді мекенді газдандыру жоспарлануда.Яғни Назарбеков, Көкжелек,Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм,Қылышбай елді мекендерінің тұрғындары да пеш жағу машақатынан құтылады.Осы ауылдарды газдандыру барысында тартылатын газ құбыры ауданның қалған елді мекендерін табиғи газбен қамту көзі болып саналады.Бұдан бөлек Мойынқұмдағы Хантау,Құмөзек, Қарабөгет,Сарыөзек ауылдарын газбен жабдықтау сметалық құны 2018-2020 жылдардағы бағамен қарастырылуна және осы кезеңдегі жағдайда ішкі нарықтағы құрырылыс материалдарының едәуір қымбаттауына байланысты қайта түзету енгізілді.4 жобаны толық аяқтау үшін Үкіметтің резервінен қосымша 16,4 миллиард теңге қажет.Егер жобалар аяқталған жағдайда Сарысу және Шу аудандарындағы 32 елді мекендегі 56 мың түрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Бүгінде ҚР энергетика министрлігі тарапынан "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының екінші желісі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға айтсақ, олардың 

Бұл жұмыстарға жалпы 3,12 миллиард теңге қаржы қаралған. Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұнғатовтың айтуынша, өңірде газдандырылмаған 86 елді мекенге қайта талдау жүргізіліпті. Оның ішінде 25 елді мекенде газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатса, 15 елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік өтінім жолданыпты. 13 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 33 елді мекенде халық санының аз болуына (200 адамнан төмен) байланысты газдандыру ісі кейінгі жылдарға қалдырылған.

-Бүгінде облыс бойынша Мойынқұм ауданы ғана толық газдандырылмай отыр. Ауданды газдандыру үшін кешенді іс-шаралар жоспары дайындалған. Бұл ретте бастапқыда 13 елді мекенді газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бірінші кезеңде Айдарлы, Бірлік, Биназар ауылдарын газдандыру үшін ҚР Энергетика министрлігіне 2024 жылға республикалық бюджетке 18,5 миллиард теңгеге өтінім ұсынылып, құрылыс жұмыстарын бастауға 600 миллион теңге қарастырылды.

Енді жоба бойынша биыл құрылыс жұмыстарын бастау үшін салалық басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарлама енгізіледі. Қалған 2 кезең бойынша 8 миллиард теңгеге 6 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. Яғни Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай елді мекендерінің тұрғындары да пеш жағу машақатынан құтылады. Осы ауылдарды газдандыру барысында тартылатын газ құбыры ауданның қалған елді мекендерін табиғи газбен қамту көзі болып саналады. Бұдан бөлек Мойынқұмдағы Хантау, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек ауылдарын газбен жабдықтау құбырлары мен газ тарату желілерінің құрылыс жобасы бойынша топографиялық, геологиялық түсірілім аяқталып, схема жұмыстары жүргізілуде. Жеткізуші газ құбырларының болжамды ұзындығы – 103,6 шақырым. Қосылу нүктесі – Қылышбай және Биназар ауылдарында орналасқан шкафтық газ реттеу стансасы. Аталған 4 ауылдың жобасын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар Сарысу және Шу аудандарындағы 32 елді мекенді табиғи газбен қамту үшін 2019-2022 жылдары жалпы сомасы 25,4 миллиард теңгеге 4 ірі жобаның құрылысы іске асырылды. 2017-2019 жылдары әзірленген 4 жобаға құрылыстың сметалық құны 2018-2020 жылдардағы бағамен қарастырылуына және осы кезеңдегі жағдайда ішкі нарықтағы құрылыс материалдарының едәуір қымбаттауына байланысты қайта түзету енгізілді. 4 жобаны толық аяқтау үшін Үкіметтің резервінен қосымша 16,4 миллиард теңге қажет. Егер жобалар аяқталған жағдайда Сарысу және Шу аудандарындағы 32 елді мекендегі 56 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Бүгінде ҚР Энергетика министрлігі тарапынан «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желісі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Жоспарға сәйкес осы жылдың екінші жартыжылдығында құрылыс жұмыстарын бастап, 2026 жылы аяқтау көзделуде. Бұл жоба катарлық инвесторлармен бірлесе іске асырылады. Нәтижесінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының өткізу қабілеті жылына 30 миллиард текше метрге дейін жетеді, – деді Дамир Сейсенбекұлы.

Облыста халықты газбен қамту ісі ырғақты жүргізіліп жатқанына дау жоқ. Алайда 2020 жылдары Меркі ауданының Андас батыр ауылы маңында «Нововоскресеновка» автоматты газ тарату стансасы салынып, пайдалануға берілгені есте. Магистральдік желіден берілетін газ қысымын қажетті деңгейге төмендетуге мүмкіндік беретін станса қазір босқа тұр. Станса уақытында алаулатып-жалаулатып ашылғанымен әлі күнге іске қосылмаған. Әу баста станса «ескі газ тарату стансасының болашақта аудан тұтынушыларын түгел газбен қамтуға әлеуеті жетпейді. Меркіліктер үшін жаңа станса жыл бойы таратушы желілерге тиісті қысымдағы газды үздіксіз жіберіп отыру үшін қажет» деп салынғанымен оның іске қосылмауын бұған дейін меркіліктер де, тіпті аудан әкімі де мәселе етіп көтерді. Ал стансаның іске қосылмауының себебі неде? Біз осыған назар аудардық. 

Облыста қабылдануы тиіс 4 автоматты газ тарату стансасы болса, оның ішінде жұмысы толық аяқталғаны – Меркі ауданындағы «Нововоскресеновка» автоматты газ тарату стансасы. Ол осыдан 4 жыл бұрын қабылданып қойған. Бірақ газ құбырының жоғары қысымдық өнімділігі мен беріктігі сумен немесе газбен сығымдау арқылы тексеріледі. Ол нысан қабылданғаннан кейін жарты жыл өткенде бұл іс қайта тексеріледі. Мұны нысанның құрылысын жүргізген мердігерлерге айтсақ, олардың қабылданып кеткен нысан құбырын сынақтан өткізуге құлқы жоқ. Осы мәселе кедергі келтіріп тұр, – дейді «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы «Тараз» магистральдік газ құбырлары басқармасының директоры Ғалымжан Сағынтаев.

Былай қарасақ, бітіп тұрған іс. Соның жолын тауып, бюджеттен тиісті қаржы қарастырып, конкурс арқылы құбырдың жоғары қысымға төзімділігін сынақтан өткізіп, нысанды ел игілігіне беруге не кедергі? Біз осы сұрақпен облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Маулен Қожақовқа хабарластық.

Қазір «Нововоскресеновка» автоматты газ тарату стансасын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Станса іске қосылу үшін алдымен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының иелігіне өтеді. Одан кейін нысан «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының теңгеріміне алынып, оған осы акционерлік қоғамның «Тараз» магистральдік газ құбырлары басқармасы жауапты болады. Қазіргі таңда біз тиісті тараптарға хат жолдап, нысанды «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына беру кезеңі бойынша жұмыстарды атқарып жатырмыз. Оны іске қосу үдерісі ұзақтау, бірақ ең тиімді жолы – осы. Егер біз бірден «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Тараз» магистральдік газ құбырлары басқармасына нысанды өткізетін болсақ, онда оларға біз нысанды күтіп ұстағаны үшін жылына 75 миллион теңге қаржы төлеуімізге тура келеді. Сонда елді газбен қамту үшін қыруар қаржыға станса салып, онымен қоймай сол нысанға не үшін біздің басқарма жылына 75 миллион теңге төлеп отыруы керек?! Одан да сол қаржыны газға қосыла алмай отырған басқа елді мекендерге жұмсағанымыз әлдеқайда пайдалы емес пе? Қазіргі таңда ескі газ тарату стансасы халықты газбен қамтуда қауқарсыз емес, оның үстіне бүгінде Меркі ауданында газға қосылмаған үш-ақ елді мекен қалды. Ескі газ тарату стансасы бұған дейінгі аяздарда ешқандай сыр берген жоқ, жағдай бақылауда тұр. Сәл шыдасақ, жоғарыда атап өткен әдіспен нысан «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының теңгеріміне өтеді, мәселе осылай шешімін табады, деді Маулен Рахматалинұлы. «Асықпаған арбамен қоян алады» деген сөз бар қазақта. Атқарушы орган қызметкерлері халықтың қамы, қазына қаржысы үшін қандай шешімді тиімді деп тапса, оны мақұлдағаннан басқа амалымыз жоқ. Өйткені түрлі акционерлік қоғам да, серіктестік те алдымен өз пайдасын ойлайтыны айтпаса да түсінікті.

Нұрым Сырғабаев

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар