Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде Наурыз мерекесі енді 10 күн тойланады

Елімізде Наурыз мерекесі енді 10 күн тойланады
ашық дереккөз
Елімізде Наурыз мерекесі енді 10 күн тойланады

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Мерекені тойлау 14 наурыз - Көрісу күнінен басталып, 23 наурызға дейін жалғасады. Әр күн әртүрлі тақырыпта аталып өтеді.
14 Наурыз – Көрісу күні. Амал мерекесі деп аталады. Бұл еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Бүгінгі күні аталған мерекені барлық аймақтарда тойлау ұсынылды. 15 Наурыз - Қайырымдылық күні етіп белгіленді. Қоғамға қайырымдылық мәдениетін сіңіріп, жанашырлық пен өзара қолұшын беру құндылықтарын қалыптастыруымыз қажет. 16 Наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аталып өтеді. Мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттауға арналып, республика бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылған. 17 Наурыз – Шаңырақ күні белгіленді. Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнеге-ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған іс-шаралар өтеді. Ақсақалдарымыз жас отбасыларға бата береді. 18 Наурыз – Ұлттық киім күні белгіленді. Еліміздің барлық өңірінде ұлтық киімімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар жоспарланған. 19 Наурыз - Жаңару күні көктемг іағаш егу дәстүрімен жалғасады. 20 Наурыз – Ұлттық спорт күні еліміздің барлық аймақтарында түрлі ұлттық спорттан жарыстар ұйымдастырылады. 21 наурыз – Ынтымақ күні жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау. 22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады, - деді Сәбит Барлыбаев.
Одан бөлек, 14-23 наурыз аралығында «Наурыз-базарлық» маусымы жарияланады. Бұл күндері сауда орындарында жаппай сатылымдар акциясын ұйымдастыру жоспарланған. Бұған дейін Наурыз мейрамының логотипі белгіленгенін жазған едік.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар