Әлеумет
Қайтыс болған Болат Назарбаевтың қылмысы үшін кім жауап береді?
- author AR-AY
- 13 наурыз, 2024
- 191
Қайтыс болған Болат Назарбаевтың қылмысы үшін кім жауап береді?
2023 жылдың 13 қарашасында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды.
70 жасында қайтыс болған Болат Назарбаев 1990 жылдардан бері бизнеспен айналысқан. Басқа кәсіпкерлер оны бірнеше рет рейдерлік жасады деп айыптағанмен, ресми айып тағылған жоқ.
Бүгін БАҚ өкілдері Әділет министрі Азамат Есқараевтан марқұм Болат Назарбаевтың қылмысы әшкереленсе, оған кім жауап беретінін сұрады.
Мәжіліс кулуарында журналистердің бірі министрге «Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны белгілі. Бірақ марқұмның тірі күнінде істеген қылмыстарына қатысты көптеген арыз түсіп жатыр. Оның ішінде ауыр қылмыстар да бар. Болат Назарбаевтың қылмысына кім жауап береді?» деп сұрақ қойды.
Азамат Есқараев журналистердің сауалына қысқа жауап берді.
Сіз бұл істер бойынша құқық қорғау органдарына жүгіне аласыз. Біз – азаматтық органбыз, бұл сұрақ менің құзыретіме кірмейді, - деді Әділет министрі.Еске салайық, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың қазасынан кейін халыққа үндеу жасады. «Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу - орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді», - деді Назарбаев.
Келесі мақала
Президент халықты Амал күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
Әлеумет
208 мың теңгеден асады: 11,1 мыңнан астам қазақстандыққа әлеуметтік төлем тағайындалды
- авторAR-AY
- 19 қыркүйек, 2024