Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараз қаласына 24 жаңа автобус берілді

Тараз қаласына 24 жаңа автобус берілді
ашық дереккөз
Тараз қаласына 24 жаңа автобус берілді
Жамбыл облысындағы Тараз қаласына 24 жаңа автобус берілді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев өңірдегі қоғамдық көліктерді жаңарту, олардың бағыттары мен санын арттыруға баса назар аударуда. Бұл мәселеге Тараз қаласын дамытудың үш жылдық жоспарында да баса мән берілген. Осыған орай, бүгін облыс орталығында 24 автобус пайдалануға берілді. «СапарТранс-2012» және «Smart City Servise» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тарапынан жеткізілген қоғамдық көліктердің 10-ы «Дамрус» ЖШС қызмет көрсеткен №40 бағыттағы ескірген автобустарды алмастырса, 12-сі бұрын тоқтап қалған №41 маршрутты қайта қалпына келтіреді. Ал қалған 2 автобус аталған серіктестік қызмет көрсететін маршруттар үшін (8,9,56, 41 бағыттар) резерв ретінде қолданылады. Жеткізілген автобустардың ұзындығы 9 метр, жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Айта кетейік, 2023 жылы Таразға жалпы саны 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биыл 70 қоғамдық көлік ел игілігіне беріледі деп көзделуде. Бұдан бөлек, 5 жаңа бағыт ашу, 75 аялдама орнату жұмыстары да жоспарлануда. Айта кету керек, жаңа автобустар №40, 41 бағыттары бойынша қатынайды.
 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар