Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚОСТӨБЕДЕ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС БАР

ҚОСТӨБЕДЕ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС БАР
ашық дереккөз
ҚОСТӨБЕДЕ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС БАР
Былтыр Байзақ ауданындағы Қостөбе ауылдық округі әкімі аппаратына азаматтардан 131 өтініш түсіп, 21 азамат әкімнің жеке қабылдауында болған. Нәтижесінде 9 өтініш қанағаттандырылып, 12 азаматқа заң аясында түсінік берілген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қостөбе ауылдық округінің әкімі Нұрғали Қожабергенов айтты. Спикердің сөзінше, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қостөбе ауылдық округі әкімінің аппараты 5 қызмет түрін көрсетеді. Өткен жылы ауыл тұрғындарына 7 рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3 123 адам қамтылыпты. Ауылдық округ әкімінің аппараты ауыл тұрғындарымен тығыз байланыс орнату мақсатында «WhatsАpp» желісінде 3 топ ашқан. – Былтыр ауылдық округте 35 адамға 1 миллион 282 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді. Ауылымыздың 3 тұрғыны 23 миллион 460 мың теңге грант иегері атанды. Сондай-ақ 10 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 4 адам алғашқы жұмыс орнына, 36 адам ақылы қоғамдық жұмысқа орналасты. 5 тұрғын «Жастар тәжірибесі», 3 тұрғын «Күміс жас» жобасы бойынша еңбекке тартылды. Сонымен қатар 43 азамат «Бастау бизнес» онлайн сертификатын алды. Қысқамерзімді кәсіптік оқудан 44 адам өтті. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 9 тұрғын 2,5 пайызбен несие алып, тірлігін дөңгелетуде. Онлайн кәсіптік оқудан 17 адам өтсе, 2,5 пайыздық жастарға берілетін несиені 5 адам алды. Ауылдық округте 4 755 гектар егістік жер болса, ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі 3 006 гектарды құрайды. Оның ішінде 1 664 гектары суармалы, 1 190 гектары жайылым жер. Округте тіркелген 196 шаруа қожалық егін және малшаруашылығымен айналысуда, – деген Нұрғали Серікбайұлы білім саласында да атқарылған жұмыстар ауқымды екенін жеткізді. Айтуынша, Қостөбе орта мектебінде 61 мұғалім, 444 оқушы болса, Н.Гоголь атындағы орта мектепте 110 мұғалім еңбек етіп, 955 оқушы білім алуда. Сондай-ақ «Жансая» балабақшасында 120 бала, 14 тәрбиеші, ал «Гүлсім» балабақшасында 55 бала тәрбие алып, 8 тәрбиеші еңбек етіп жүр. Денсаулық сақтау саласы бойынша «Қостөбе-1» дәрігерлік амбулаториясында 4 дәрігер, 10 медбике, 1 акушер, 1 психолог, 1 социолог тұрғындарға қызмет көрсетеді. Сонымен бірге аталған амбулаторияда 2 санитар, 1 жүргізуші, 1 қарауыл жұмыс істейді. Ал «Талас» фельдшерлік пунктінде барлығы 1 медбике, 1 санитар, 1 қарауыл қызмет етеді. Сол секілді «Қостөбе-2» дәрігерлік амбулаториясында 1 акушер, 5 медбике жұмыспен қамтылған. Нұрғали Серікбайұлы мәдениет, спорт саласындағы жарқын жетістіктерді баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. – Ауылымыздан 1 әлем чемпионы, 2 Қазақстан, 1 Азия чемпионы шыққан. 2020 жылы балалар ойнайтын 2 «Street workout» алаңшасы және Қостөбе орта мектебінде спортзал кешені салынды. Былтыр Талас ауылында кіші футбол алаңы пайдалануға берілді. Ауылдық округте 11 спорт нысаны болса, спортпен шұғылданушылардың саны – 2 215. Н.Гоголь атындағы орта мектептің спортзалы кешкі 19:00-22:00 аралығында ауыл тұрғындарына қолжетімді. Қостөбе орта мектебінің спортзалына 19:00-22:00 аралығында барып жаттығуға болады. Былтыр спорт нұсқаушысымен жоспарға сәйкес 20 іс-шара ұйымдастырылды. Ауылдық округте 100 орындық Қостөбе ауылдық клубы жұмыс істейді. Мұнда ауыл тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетілуде. Кітапханадағы цифрландырылған ақпараттық орталықта былтыр 93 қызмет көрсетілді, – деді Н.Қожабергенов. Өткен жылы ауылдық округте 19 қылмыс тіркеліп, 18-і ашылған. Оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша – 3, жол-көлік оқиғасы – 14, мал ұрлығы бойынша 1 дерек тіркелген. Былтыр тұрмысы төмен Жәнібек Рахымбердиевтің отбасына «Асарлатып үй салу» жобасы аясында салынған 3 бөлмелі үйдің кілті табыс етілген. А.БЕКЕНҚЫЗЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар