Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚты ЕРТЕ БАСТАУ ҚАЖЕТ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚты ЕРТЕ БАСТАУ ҚАЖЕТ
ашық дереккөз
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚты ЕРТЕ БАСТАУ ҚАЖЕТ
Бұдан бөлек Е.Қарашөкеев Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытовтан «Жаңатас қаласының орталық қазандығын газдандыру» жобасының құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті Германиядан әкелінетін қазандықтар қашан жеткізілетінін сұрады. Жоба аясында атқарылатын жұмыстар алдағы жылыту маусымына дейін толық аяқталуы тиіс екенін ескертті. – Жылу өндіру, тарату ісін толық қамтамасыз ету үшін құрылыс және жаңғырту жұмыстарын көп созбай, қысқа мерзімде аяқтау қажет. Мердігерлердің жұмыс жоспарына баса назар аударған жөн. Тараз қаласындағы М-1 магистральдік жылу желісінің құрылыс-монтаж жұмыстары мен автокөлік қозғалысын реттеуді осы бастан қолға алып, тағы да басқа шараларды атқару керек. Былтырғыдай олқылық қайталанбас үшін міндетті жұмыстарды мұқият әрі сапалы атқаруға тиіспіз. Сонымен қатар коммуналдық мекемелерде төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығулар өткізу керек, қажет болса, техникаларды жаңартқанымыз дұрыс, – деді Ербол Қарашөкеев. Бұдан кейін күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша газ саласын дамыту жайы қаралды. Бұл бойынша да Дамир Тұнғатовтың, «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Бақтияр Көпбосыновтың, «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы «Тараз» магистральдік газ құбырлары басқармасының директоры Ғалымжан Сағынтаевтың есебі тыңдалды. Бұл бойынша да ауқымды мәселелерді шешу жайы талқыланып, облыс әкімі жауаптыларға нақты міндет жүктеді. Нұрым Сырғабаев
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар