20 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ЕСІРТКІСІ ТӘРКІЛЕНДІ
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2024 жылға арналған операциялық жоспарын орындау мақсатында «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Операцияның мақсаты – есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу.
Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері рейдтер жүргізу барысында 7 есірткі құқықбұзушылығын анықтады. Заңсыз айналымнан 8,5 килограмнан аса түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
Мәселен, облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатумен айналысатын Тараз қаласының 33 және 35 жастағы тұрғындарын ұстады. Тінту шараларының нәтижесінде ұсталғандардан қара нарықтағы құны 20 миллион теңге болатын 320 грамнан астам «Мефедрон» тәркіленді.
– Полиция қызметкерлері 18 дәріхананы, 15 медициналық мекемені және 6 қойманы тексерді. Онда әкімшілік есірткі құқықбұзушылығының 16 дерегі анықталды.
Олардың ішінде үй-жайларды техникалық нығайту талаптарын бұзудың 8 дерегі, фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзудың 5 дерегі, лицензиялау шарттарын бұзудың 2 дерегі және заңсыз фармацевтикалық қызметтің 1 дерегі бар, – дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.
Сондай-ақ 500 грамм «Метанол» улы заты, 250 000 килограмнан аса түрлі прекурсорлар (тұз, сірке және күкірт қышқылдары) тәркіленді.
Есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар облыстың барлық аудандарында өтті.
Облыстық полиция
департаментінің
баспасөз қызметі
Келесі мақала
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚты ЕРТЕ БАСТАУ ҚАЖЕТ
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024