Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

САРЫКЕМЕРДЕгі қуаныш

САРЫКЕМЕРДЕгі қуаныш
ашық дереккөз
САРЫКЕМЕРДЕгі қуаныш
Ислам діні – адамзатты имандылыққа, жақсылық жасауға, адамды қадірлеуге үндейді. Дінімізге деген құрмет отбасынан, мешіт табалдырығынан басталатыны белгілі. Рамазан айының қарсаңында Сарыкемер ауылында жомарт жүректі тұрғындар мен кәсіпкерлердің бастамасымен әрі демеушілігімен келбеті мен сәулеті жарасқан, сыйымдылығы 500 адамдық «АР-РАХМАН» мешіті есігін айқара ашты. Халықты имандылыққа ұйытып, бірлік пен ынтымаққа шақыратын Сарыкемер ауылының күншығыс жағынан бой көтерген мешіттің ашылуы Құран оқумен басталды. Облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков жаңадан бой көтерген мешіттің тұрғындарды имандылыққа тәрбиелеуде алатын орны ерекше екенін атап өтіп, діни ғимараттың халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуіне тілектестігін білдірді. Салтанатты түрде мешіт лентасы қиылған соң ақ жаулықты аналар шашу шашты. Көпшілік жаңа мешітке кіріп, оқылған Құран аяттарын ұйып тыңдады. Мешіт жамағатымен көрікті. Жамағатқа есігін айқара ашқан еңселі ғибадат орны Аллаға құлшылық жасап, бес уақыт намазын оқитын тұрғындардың бірлігі мен ынтымағына қызмет етеріне сенім кәміл. Айдар АЛДАБЕРГЕНОВ, Байзақ ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар