Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ҰЛЫ ДАЛА» ЫҚШАМАУДАНЫНДА 8 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

«ҰЛЫ ДАЛА»  ЫҚШАМАУДАНЫНДА  8 КӨШЕ  АСФАЛЬТТАЛАДЫ
ашық дереккөз
«ҰЛЫ ДАЛА» ЫҚШАМАУДАНЫНДА 8 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛАДЫ
Бақытжан Әмірбекұлы алдымен сорғы стансасына барып, жай-күйімен танысты. Мердігер компания – «Строй Монтаж Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Нысанның жобалық қуаттылығы – сағатына 1 600 текше метр. Техникалық қадағалаушысы – «Регион Сервис KZ» ЖШС, авторлық қадағалаушысы – «Құрылыс Инвест Жоба» ЖШС. Қала әкімі мамандармен кеңесіп, құрылысы аяқталған стансаны қосу жөнінде жауаптыларға тиісті тапсырма берді. Келесі кезекте Бақытжан Әмірбекұлы 2024 жылы ықшамауданда жүргізілетін көшелерді орташа жөндеу жұмыстарының жоспарымен танысты. Былтыр «Ұлы далада» 5 көшеге асфальт төселсе, биыл қоғамдық көлік жүретін негізгі 8 көшені асфальттау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарын уақытылы бастау керектігін баса айтқан шаһар басшысы «Түйте» каналының айналасын абаттандыру бойынша да сала мамандарына нақты тапсырма жүктеді. Бинура ЖАҚЫПБАЙ, Тараз қаласы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар