Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көне шаһардың көркі артады

Көне шаһардың көркі артады
ашық дереккөз
Көне шаһардың көркі артады
Облыс орталығын абаттандыруда «Жасыл ел-Тараз» мекемесіне артылатын жауапкершілік мол. Жалпы аталған мекемеде 804 адам жұмыс істесе, 360-ы штаттық, 57-сі келісімшарт бойынша алынған жалдамалы жұмысшы, 387-сі қоғамдық жұмысшы. Қоғамдық жұмысшылардың 171-і 11 аумақтық округ тазалығына жауапты. – Қала аумағында 12 мың шаршы метр аумаққа гүлзар егіледі. Қосымша 627 шаршы метр қазандыққа гүл отырғызылады. 15 мың раушан гүлін Абай, Төле би, Жамбыл даңғылдарына, Ниетқалиев, Сейфуллин көшелеріне және басқа да үлкен көшелердің қиылыстарына егу жоспарланып отыр. Сондай-ақ наурыз-мамыр айларында кестеге сәйкес қала аумағында 4 100 жабық тамырлы бірінші санаттағы әртүрлі ағаш түрі отырғызылады. Атап айтқанда, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс», Қ.Рысқұлбеков саябақтары, Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің іргесіндегі саябақ, әуежай сквері, Арбат 1, теміржол бекеті, Саңырық батыр сквері гүлге оранады. Сонымен қатар қала көшелері мен скверлердегі қылқанжапырақты және басқа да 25 мың ағашты мезгілдік жұмыс жоспарына сәйкес әртүрлі ауруларға қарсы пестицидтермен дәрілеу жұмыстары жүргізіледі. Ағаштардың түбіне минералдық және органикалық тыңайтқыштар себіледі. Қала аумағында отырғызылған 30 мың көпжылдық раушан гүлін күтіп-баптау да қарастырылған, – деген «Жасыл ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Азамат Әбішев бүгінге дейін 350 мың гүл ұрығы егілгенін жеткізді. Жалпы облыс орталығында тазалық жұмыстары жоспарға сай атқарылып жатыр. Эльмира БАЙНАЗАРОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар