Оқушыларға ораза ұстауға болады ма?
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджелерде оқушылардың ораза ұстауы туралы мәселе талқыға түскен еді. Онда ұстаздар мен ата-аналар мектеп оқушыларының ораза ұстауы олардың оқу үлгерімі мен денсаулығына қаншалықты әсер етеді деп алаңдаған еді. Осы орайда PHD докторант Зейнеп Үсеноваға осы сұрақты қойған едік.
«Балиғат жасына жеткен саналы мұсылман адамның ораза ұстауларына Алланың әмір еткен парызы. Қандай жағдай болсын ораза ұстау – парыз. Қазіргі қоғамда мектеп оқушыларының арасында оразаға қатысты түсінбеушілік бар. Мектеп оқушысы болсын немесе болмасын, ораза ұстауға шамасы жететін болса, оның ораза ұстауы – парыз. Ал егер сабағына немқұрайлы қарап, дінді сылтау етіп ұстайтын болса, онда ораза емес, білім алуы маңызды», деді Зейнеп Үсенова.
Ал ұстаздар оқушыларды ораза ұстамауына ықпал ете алады ма деген сұрағымызға З. Үсенова жауабын айтты.
– Көбінесе дінді сылтау еткісі келетіндер өте көп. Дінді сылтау етуге болмайды. Ораза ұстаймын деген адам, аш болса да ұстайды. Өйткені бұл Алланың пенделеріне берген әмірі. Ал мектеп мұғалімдері баланы мәжбүрлеп аузын аштыртуға негізінде құқығы жоқ. «Шаш алса десе, бас ал» дейтін жандар өте көп. Ал енді оразаны сылтауға айналдырып, сабағын оқымаса, онда ораза ұстамай-ақ қойсын, – деді ұстаз.
(Фото ашықдереккөзден алынды)
Келесі мақала