Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда бір жылда қазы мен жая қымбаттаған

Қазақстанда бір жылда қазы мен жая қымбаттаған
ашық дереккөз
Қазақстанда бір жылда қазы мен жая қымбаттаған
Қазақстанда қазы бір жылда 5%, жая 3% қымбаттады. Жалпы жылқы етінің өндірісі азайған. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады. Биыл ақпанның соңында жылқы еті бір жылда 4,3%, атап айтқанда, қазы 4,8%, жая 2,5% қымбаттаған. Жылқы еті, әсіресе, Павлодар облысында (бір жылда 10,8%) қымбаттады. Одан кейінгі орында Ақмола (9,8%) және Маңғыстау (9,6%) облыстары тұр. Бағаның ең аз өсімі Астанада (бар болғаны 0,7%) байқалды. Тек Шымкентте ғана бір жылда 4,6% арзандаған. Негізінен биыл қаңтарда елімізде 281 тонна жылқы еті өндірілген. Бұл – былтырғыдан 7,3% аз. Оның ішінде мұздатылған ет өндірісі бір жыл бұрынғы 13 тоннамен салыстырғанда, небәрі 8 тонна болды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар