Жаңалықтар
Мобильді аударымдар қалай тексеріледі – Қаржы министрлігі түсіндірді
- author AR-AY
- 6 наурыз, 2024
- 205
Мобильді аударымдар қалай тексеріледі – Қаржы министрлігі түсіндірді
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді төлемнің қалай тексерілетінін түсіндірді, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан министрдің орынбасарына «Заңды түрде тіркелген жеке кәсіпкерге ай сайын мобильді аударым арқылы 100 рет ақша жіберілсе және бір аударымның сомасы 255 мың теңге болса, онда оның мобильді аударымы тексеріле ме?» деген сұрақ қойылды.
Ержан Біржанов мобильді аударымдар қандай жағдайда тексерілетінін түсіндірді.
Біріншіден, төлемдердің санына назар аударылады. Егер жеке кәсіпкер болса, оған мобильді аударым арқылы ақша түссе, 100 мобильді аударым болса, бұл – бірінші белгі. Екіншіден, (мобильді аударым) 3 ай қатарынан яғни қаңтар, ақпан, наурыз бойы түссе. Ай сайын 100 мобильді аударым тіркелсе. Үшіншіден, жалпы осы төлемдердің сомасы 3 айда 255 мың теңге болса, - деді министрдің орынбасары.Сондай-ақ ол мобильді аударым қандай жағдайда тексерілмейтініне де тоқталды. «Мысалы, қаңтарда оған мобильді аударым арқылы ақша түссе, ақпанда қаржы түспесе, ол бақылауға алынбайды. Егер 3 ай қатарынан әртүрлі 100 адамнан (мобильді аударым арқылы) 100 рет ақша аударылса, біз оны тексереміз», - деді Ержан Біржанов.