Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ӘЙЕЛ – ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ»

«ӘЙЕЛ – ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ»
ашық дереккөз
«ӘЙЕЛ – ӘЛЕМНІҢ ТІРЕГІ»
«Достық» үйінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел – әлемнің тірегі» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің отырысы өтті. Мерекелік шараға ҚХА аналар кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, серіктес мекемелердің қызметкерлері, қоғам белсенділері қатысты. Кеңес отырысын «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мүбарак Жинақбаева алғы сөзімен ашты. Ал аналарды облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Гулам Умаров құттықтап, сыйлықтар тапсырды. Жиын барысында облыстық ҚХА аналар кеңесінің төрайымы, модератор Эльмира Мырза-Ғали кеңестің жаңа жобаларымен таныстырды. Сондай-ақ аналар бас қосқан отырыста аға буынның жастармен өзара іс-қимылының өзекті тәсілдері, аналар кеңесінің білім беру ұйымдарымен бірлескен іс-қимылдары жайында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. «Қоғамдық келісім» мекемесінің ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар