Жаңалықтар
БАТТАЛ ЖАҢАБАЙҰЛЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІК ЖОЛЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
- author AR-AY
- 6 наурыз, 2024
- 729

БАТТАЛ ЖАҢАБАЙҰЛЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІК ЖОЛЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Бүгін «Көне Тараз» этномәдени кешенінде «Баттал Жаңабайұлының журналистік жолы: қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұрпақтар сабақтастығы» атты тақырыпта Баттал Жаңабайұлының туғанына 95 жыл толуына орай дөңгелек стол отырысы өтті. Шараны «Aulieata-media» ЖШС мен Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырды.
Жиынға облыстық және аудандық газеттердің бас редакторлары мен ардагер журналистер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Конференция барысында тақырып аясында сөз қозғалып, журналистің білікті редактор, қарымды қаламгер және қайраткерлігі жан-жақты насихатталды. Баттал Жаңабайұлының шығармашылық мұрасы, оның журналист тәрбиелеудегі ұстаздығы мен тәлімгерлігі сөз болып, жаңашылдық қыры айтылды.
Сондай-ақ, болашақ журналистерді даярлау барысы туралы да сөз қозғалып, қонақтар арасында өзара талқыға салынды.
Келесі мақала
ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ҚҰНЫ ЖОҚ, ҚАЙТАРЫМЫ БАР
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Титаниктің» әнін жазған композитор Қазақстанға алғаш рет келді
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Жаңа жылдық безендірусіз кеткен 8,4 млн теңге: әкім ескерту алды
- авторAR-AY
- 12 қыркүйек, 2025