Жаңалықтар
Жедел жәрдем мен дәрігерге жұдырық ала жүгіргендерге жаза қатаңдайды
- author AR-AY
- 4 наурыз, 2024
- 318
Жедел жәрдем мен дәрігерге жұдырық ала жүгіргендерге жаза қатаңдайды
Соңғы 5 жылда қызметтік борышын орындау барысында 158 медицина қызметкері зардап шеккен. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған.
Оның атап өтуінше, медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту, сондай-ақ олардың кәсіби міндеттерін құрметтеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметкерлерге қызметтік борышын орындау барысында оларға күш көрсетілгені үшін қылмыстық жауапкершілік бөлігінде Қылмыстық кодекске түзетулер енгізуге бастамашылық жасады.«Жергілікті атқарушы орган дерегінше, 2019-2023 жылдары аралығында қызметтік борышын орындау барысында 158 медицина қызметкері (2019 жылы — 5, 2020 жылы — 5, 2021 жылы — 10, 2022 жылы — 46, 2023 жылы — 80) зардап шекті. Медицина қызметкерлеріне күш көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жалпы ережелері қолданылады», — деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.
Еске салсақ, 27 қаңтарда ер адам шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң ашуланып, жұдырық ала жүгірген. Күдікті кейін облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақта жасырынған жерінен ұсталды.«Дайындалған заңнамалық түзетулер Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының (ҰҚК, ішкі істер, денсаулық сақтау, әділет, қорғаныс министрлігі, төтенше жағдайлар министрліктерінің қатысуымен) отырысында талқылауға белгіленген тәртіпте ұсынылады», — деді Тамара Дүйсенова.
Келесі мақала