Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша пайда тапты

Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша пайда тапты
ашық дереккөз
Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде қанша пайда тапты
Аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан (11-2) UFC Fight Night 238 турнирінде Умар Нурмагомедовпен болған жекпе-жек үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап. MMA.Metaratings.ru сайтының мәліметінше, қазақстандық Бекзат Алмахан 16 мың доллар (12 мың доллары жұдырықтасқаны үшін, қалғаны демеушілер берген ынталандыру сыйақысы) пайда тапқан.
Ал оның қарсыласы Нурмагомедов бұл жекпе-жекте 52,5 мың долларды қалтасына басты. Айта кетейік, 26 жастағы қазақстандық файтер Б.Алмахан Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасқан еді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Нурмагомедов төрешілердің шешімімен басым түсті. Ол – танымал спортшы Хабиб Нурмагомедовтің інісі. Бекзат Алмахан биыл қаңтар айында UFC-мен келісімшартқа отырған болатын.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар