Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

37 035 ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

37 035  ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
ашық дереккөз
Сейсенбі күні «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті. Жиында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар баяндама жасап, жастардың мемлекеттік бағдарламалармен қамтылуы туралы баяндады. Сондай-ақ басқарма басшысы NEET санатындағы жастардың үлесін азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жастарды толғандыратын ең өзекті мәселе – баспана. Бұл ретте өңірімізде «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, 2022 жылы бағдарламаға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 500 миллион теңге бөлініп, 41 жас баспана бақытына ие болған. Ал өткен жылы 2 миллиард теңге қаражат бөлініп 144 жас баспаналы болса, биыл 170 жасты баспанамен қамту жоспарланып отыр екен. 

– Биыл мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру мақсатында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 220 маман үшін 1 846,0 миллион теңге бюджеттік несие қарастырылды. Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 613 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 225,5 миллион теңге қаржы бөлінді. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы 2024 жылдың сәуір айынан бастап жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Ал «Серпін-2050» жобасы аясында 1 268 талапкер оқуға түсті, – деді Жомарт Дүйсенұлы. Саладағы тағы бір өзекті мәселе – NEET санатындағы жастар. Қазіргі таңда аталған санатқа жататын 36 891 жас анықталыпты. Десе де жастар орталықтарымен адрестік талдау жұмыстары жүргізіліп, 18 бағыт бойынша 20 040 жастың әлеуметтік мәртебесі толық өзектендіріліп, жүйеден алынған. Демек, бүгінгі күні уақытша бос жүрген жастардың саны 16 851-ді құрайды.Жиында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі де кеңінен талқыланды. Облыстық еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Адильхайыр Атиннің айтуынша, жыл басынан бері 37 035 жас жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. – Облыс бойынша жыл басынан жастарды жұмыспен қамту бойынша орталықта 53 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде он төрт рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. 243 мекемеден 724 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге барлығы 756 адам, 235 жас қатысты. 133 жас тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға – 47, жастар практикасына 21 жас маман жолданды. Орталық жанынан бос жұмыс орындарының ақпараттық базасын қалыптастыру мақсатында «Instagram» әлеуметтік желісінде «ЦТМ» парақшасы ашылды. Жыл басынан бері 180-нен аса бос жұмыс орны бойынша ақпарат жарияланды,– деді Адильхайыр Серікжанұлы. 

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар