Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қар тазалаушы мердігерлерге айыппұл салынды

Қар тазалаушы мердігерлерге айыппұл салынды
ашық дереккөз
Қар тазалаушы мердігерлерге айыппұл салынды
Жамбылдық полицейлер жолдардағы қарды тазаламағаны үшін коммуналдық мекемеге айыппұл салды. Жолдағы қауіпсіздіктің сақталуына ең алдымен әкімшілік полиция мүдделі болғандықтан жол-патрульдік полиция қызметкерлері де автомобиль жолдарын күнделікті тексеріп тұрады. Қыстың көзі қыраудағы ең өзекті мәселе қазір көшелерді қардан тазартып және көктайғаққа қарсы материалдарды себу болып тұр. Полицейлер рейдтік іс-шаралар барысында қандай да бір заңбұзушылықтарды анықтаса, оларды жою туралы жауапты қызметтерге нұсқама жолдайды. Ал олар жақын арада барлық кемшіліктерді түзетуі тиіс. Дегенмен тазалыққа жауапты кәсіпорын кей кезде жұмыс көлемінің көптігіне байланысты дер кезінде қарды жинап, құм мен тұз қоспасын сеуіп үлгере бермейді. Облыстың республикалық және жергілікті жолдарындағы әкімшілік полицияның жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктерді анықтады. Жауған қардың толық тазаланбауы қар үйінділерінің пайда болуына, жолдың жүріс бөлігінің қатуына және тарылуына әкеп соғады, көктайғаққа қарсы материалдардың себілмеуі жолаушыларға және көлік жүргізушілеріне қауіп төндіреді. – Осы кемшіліктері үшін Байзақ, Талас және Меркі аудандарының мердігерлік мекемелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы, 1-бөлігі (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Лауазымды тұлғаларға 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды, – деді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев. Жыл басынан бері қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны үшін барлығы 30 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар