Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мектептен мерзімі 5-7 жыл бұрын өткен дәрілік препараттар табылды

Мектептен мерзімі 5-7 жыл бұрын өткен дәрілік препараттар табылды
ашық дереккөз
Мектептен мерзімі 5-7 жыл бұрын өткен дәрілік препараттар табылды
Қарағанды мектептеріндегі прокурорлық тексерулер медицина саласындағы жүйелі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Arainfo тілшісі  Halyq Uni-не сілтеме жасап. Прокурорлық тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу, сонымен қатар жарамдылық мерізімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды. 2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмеген. Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен «Преднизолон» ампулалары сақталған. Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды. Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылып, кінәлі азаматтар жауапкершілікке тартылды. Прокуратура 7 мың баланың құқығын қорғады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар