Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қылмысқа қылбұрау

Қылмысқа қылбұрау
ашық дереккөз
Қылмысқа қылбұрау

ЖАЛҒАН ШОТ-ФАКТУРАМЕН 40 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ТАПҚАН

Қарағанды облысының тұрғыны нақты орындалмаған жұмысқа жалған шот- фактураларды жазып беру бойынша қылмыстық әрекетке барған. Аталған факті бойынша ҚМА аумақтық департаменті сотқа дейінгі тергеп- тексеруді бастады. Қылмыстық схема сатып алушы контрагенттермен үшжақты шарт жасасу арқылы микроқаржы ұйымдарда алынған жалған займдарды пайдалану арқылы жүзеге асқан. Контрагент бақылауындағы ЖШС-ға емес, МҚҰ- ға қарызды өтеу түрінде төлем жүргізген. Бұл қылмыс жасаушы азаматтарға қарыз беру шарттары негізінде қолма-қол ақша алуға және оларды жеке тұлғаларға беру арқылы жалпы сомадан 2-6 пайызға дейін материалдық пайда алуға мүмкіндік берді. Мәселен, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сатып алушы контрагенттері бар 9 компания бойынша жалпы айналым 40 миллиард теңгеден асты. Тергеу барысында жалған шот-фактураларды жазып беруге байланысты қылмыстық әрекетті бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген Қарағанды облысының тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды. Тергеу жалғасуда.

БІЛІМ БЕРУМЕН ЕМЕС, ҚАРЖЫ ЖЫМҚЫРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН

Түркістан облысында 400 миллион теңгеден астам мемлекет қаржысын талан-таражға салған білім саласының қызметкерлерінің жымқыру әрекеттері анықталды. Білім беру саласындағы қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлау фактілерін ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті анықтады. Сеніп тапсырылған мүлікті заңсыз иемденді деген күдікке «Келес ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлері ілінді. Олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген. Мектеп қызметкерлерінің карт-шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірлеріне ауыстырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 миллион теңгеден асады. Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар