Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Проактивті қызмет – бюрократияны жоюдың жолы

Проактивті қызмет – бюрократияны жоюдың жолы
Ашық дереккөз
Жуырда цифрландыруға жауапты барлық мемлекеттік органдардың вице-министрлерінің қатысуымен Demo Day панельдік сессиясы өтті. Қатысушылар көрінбей жұмыс істейтін және азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуін барынша азайтатын, проактивті форматта қызметтердің максималды санын ұсынатын «Invisible Government» тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы айтты.

 Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келсе, 68 пайызы проактивті онлайн форматта тіркелген. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин өткен жылдардың тәжірибесін зерделей келе, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бала туғаннан кейін бірден автоматты түрде тағайындалуы керек деген шешім қабылданғанын атап өтті. Енді ата-аналар бала жәрдемақысын туу туралы куәлік алғанға дейін, яғни ЖСН тағайындалғаннан кейін ала алады. Осылайша балаға перзентханадан шығар алдында анасының ЖСН-іне тіркелген ЖСН беріледі. Бұл тәсіл балаларды нақты есепке алуды, олар­дың өмірінің барлық кезеңдеріндегі мониторингті және ананың жәрдемақыға оңай қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Жүктілік кезіндегі деректерді жинау жүйесі туу туралы куәлікті алғанға дейін ақпараттың толықтығын қамтамасыз етеді. Бала туғаннан кейін ата-ана төлемдерді тағайындау процесін автоматтандыратын ЖСН туралы хабарлама алады. SMS хабарлама ақша аудару үшін шот таңдауын ұсынады.

Банкті таңдағаннан кейін төлемдерді тағайындау 3 күнді алады, бұған дейін 2 аптаға созылатын. 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормасына пилоттық жоба негізінде ЖСН қалыптастыру бойынша өзгерістер енгізілді. Ақмола облысында қазірдің өзінде пилоттық жоба жұмыс істеп жатыр, жақын арада онымен бүкіл республиканы қамту жоспарланып отыр.

Өз кезегінде Цифрлық Үкіметті қолдау орталығының бас директоры Рүстем Биғари «eGov mobile» мобильді қосымшасында баланы балабақшаға қабылдау қызметін енгізу туралы айтты. «Жеті жасқа дейінгі 3 миллионнан астам бала болса, олардың 1 миллионға жуығы балабақшаға барады, қалғандары кезекте тұр. Бұл қызмет бүгінде еліміздің әрбір азаматына қолжетімді», дейді Рүстем Биғари. Ғылым және жоғары білім министрлігі қызметтері де цифрлық форматқа көшті. Грант тағайындалған кезде талапкер телефонына SMS хабарлама алады, мұндай ақпараттық жіберулер алғаш рет іске асырылуда – 60 мыңнан астам грант иегерлері «eGov мобильді» қосымшасында 1414 нөмірінен SMS және PUSH хабарламаларын алды. ҰБТ сертификаты автоматты түрде «Цифрлық құжаттарға» жіберіледі.

Осылайша бюрократия жойылып, 500 мыңнан астам сертификат цифрландырылды. Сондай-ақ шәкіртақы енді институт немесе университет арқылы емес, тікелей студентке төленеді. Мәліметтерді тексеру уақыты қысқартылды, сондықтан оқу жылының басынан бері 180 000 мың студент кідіріссіз лайықты стипендиясын алды. Бұдан былай әскери борышын өтемеген 27 жастан асқан азаматтарға әскери билет алуға уақыт жоғалтудың қажеті жоқ. Әскери қызмет мәртебесі «eGov.kz» порталындағы жеке кабинетте автоматты түрде көрсетіледі. Әскери қызметкерлерді баспанамен қамту мәселесі де автоматтандырылды. Қажетті құжаттар тізімі 82 пайызға қысқартылды, енді 14 құжаттың үшеуін ғана тіркеу керек. Бұрын тіпті кезекке тұрудың өзі 3 айға созылатын. Жыл ішінде 3,5 миллионнан астам еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.

Осы жылдан бастап жұмыс беруші азаматтың келісімімен еңбекке жарамсыздық парағын ашу туралы ақпаратты электронды форматта алатын болады және азамат оны «e-Densaulyq» қызметінде көре алады. 2022 жылдың желтоқсанында «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» Заңға қол қойылды. Азаматтардың өтініштерін «eGov.kz» және «eGov» мобильді қосымшасы арқылы қабыл­дау үшін жеке тұлғалардың банкроттық қызметі жүзеге асты. Ішкі істер министрлігі көлік жүргізу стилі жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіретін қауіпті жүргізушілерді анықтау үшін «Қорғау» бағдарламасын жасады. Ол үш компонентті біріктіреді – автоматты камералар, жедел басқару орталықтары және полиция планшеттері.

Талғат Нұрханов 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар