Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Облыста 169 стихиялық қоқыс орны анықталған

Облыста 169 стихиялық қоқыс орны анықталған
Ашық дереккөз
Былтыр өңірдегі экологиялық ахуалды реттеп отырған облыс бойынша экология департаментінің мамандары жоспардан тыс 15 тексеру жүргізген. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтардың 15 фактісі анықталып, 10 нұсқама беріліпті.

Бұл жөнінде облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Темір Смағұлов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Баяндамашы өз сөзінде заңды, жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер негізінде мемлекеттік органдар мен прокуратура материалдары бойынша 102 әкімшілік іс қозғалғанын айтты. Оның ішінде 3 ескерту, 5 бұзушылық хаттамасы шаралар қабылдау үшін сот органдарына жіберіліпті. –Тексеру барысында жалпы сомасы 5 824 098 теңгені құрайтын барлығы 105 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 45 018 643 теңге сомасындағы 90 айыппұл өз еркімен өндірілді. Сот орындаушыларына 2 614 643 теңге сомасына 5 әкімшілік айыппұл мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жолданды. Бүгінгі таңда ерікті төлем мерзімі шықпауына байланысты 345 мың теңге сомасына салынған 1 әкімшілік айыппұл өндірілген жоқ.

Жалпы өткен жыл ішінде департамент 22 сот ісіне қатысты. Тексеру нәтижелері бойынша сотқа шаруашылық қызметті тоқтата тұру туралы 8 талап арыз жіберілді. Оның ішінде 3 талап арыз қанағаттандырылса, 5 талап арыздан бұзушылықты жоюға байланысты бас тартылды. Департаменттің зертханалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы 74 зертханалық зерттеу жүргізді. Нәтижесінде 243 сынама алынып, 1 224 талдау мен анықтама орындалды. Бұл ретте 137-сінің тиісті нормативтерден асып кеткені анықталды. Барлық асып кеткен нормативтер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда 54 зертханалық аспап 60 миллион теңгеден астам сомаға сатып алынды, – деді спикер.

Сондай-ақ Темір Мәмбетұлы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық мониторингінің түсірілімі бойынша былтыр облыс бойынша 245 нүкте зерделеніп, оның ішінде 169 стихиялық қоқыс орны анықталғанын жеткізді. Спикердің сөзінше, бүгінгі таңда облыс бойынша 149 стихиялық қоқыс орны тазартылыпты. Дегенмен Шу ауданы бойынша 9, Тараз қаласының аумағында 11 стихиялық қоқыс орны тазаланбаған. Сәйкесінше айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке Шу, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласы әкімдерінің орынбасарлары тартылған. Департамент тарапынан стихиялық қоқыс үйінділерін жою жөніндегі тапсырмаларды орындау мақсатында ғарыш мониторигі бойынша 7 рейд, стихиялық қатты тұрмыстық қалдықтарды заңсыз орналастыру орындарына 10 рейд жүргізіліпті. Жалпы облыста жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінде 158 ұйымдастырылған қоқыс полигондары бар.

Барлық полигондарда қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру құжаттары бар екен. Департаменттің экологиялық реттеу бөлімі қоршаған ортаны қорғау саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты жүзеге асырады. Аталған бөлімге барлығы 308 арыз түскен, оның ішінде 200 арыз қоршаған ортаға әсерді бағалауды және жоспарланған қызметтің әсерін скринингті қамту саласын анықтау туралы қорытынды беруге қатысты. Оның ішінде 54 арыз қоршаған ортаға әсерді толық бағалаудан өтуге жіберілген. Спикердің сөзіне сүйенсек, облыс аумағында бірінші санаттағы 40 нысан орналасқан. Былтыр аталған департамент нысандарға қатысты 127 өтінішті қараған. Оның ішінде заңды тұлғалардан 56, жеке тұлғалардан 71 өтініш түскен. Барлық өтініштер көрсетілген мерзімде қаралған екен

Ақтоты Жаңабай 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар