Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ажары ашыла түскен ауыл

Ажары ашыла түскен ауыл
Ашық дереккөз
Жуалы ауданының Боралдай ауылдық округі бойынша 3 елді мекенде жалпы 440 үй бар болса, онда 2 529 тұрғын бар. Ауылдық округ бойынша 6 өзге этнос өкілі бүгінде тату-тәтті тұрмыс кешуде. Ауылдық округке қарасты үш елді мекенде де 3 орта мектеп, 2 балабақша, 1 өрт сөндіру бекеті, 2 медициналық пункт, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 3 кітапхана, 1 ветеринариялық пункт халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аталған ауылдық округ әкімі Бауыржан Абдалиев айтып берді.

 Жалпы Боралдайда 294 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліпті. Оның ішінде екеуі заңды тұлға, 246-сы шаруа қожалық, қалғаны жеке кәсіпкер. Осы кәсіпкерлік субъектілер арқылы 361 адам жұмыспен қамтылған. Айтуларынша, округте жастар саясаты бойынша да тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні округте 14 пен 35 жасқа дейінгі 737 жас бар. Олардың 119-ы жоғары оқу орнында оқыса, 68-і арнаулы оқу орындарында білім алады. – Боралдай ауылдық округі аумағының жалпы жер көлемі 32 775 гектар.

Ауылшаруашылығы алқабы 21 975 гектарды құрайды. Оның ішінде 9 070 гектар егістік, 8 778 гектар жайылым және 130 гектар шабындық жерлер бар. 2023 жылы ауылшаруашылық тауарын өндірушілер тарапынан 6 820 гектар егістікке егін егіліп, жоспар 100 пайыз орындалды. Өткен жылдың өнімі үшін бұрнағы жылы 1 150 гектар күздік бидай, былтыр 2 685 гектар жаздық арпа, 2 750 гектар мақсары, 235 гектар таза жоңышқа егілді. Жалпы егістік жерлердің 2 250 гектарын мал азығы дақылдары құрайды, егін жиын-терін уақытында 100 пайыз жинап алынды. 2024 жылдың өнімі үшін 1 150 гектар күздік бидай егіліп, жоспар толық орындалды, – дейді Б.Абдалиев.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша 2023 жылы 6 отбасына 4 647,6 мың теңге көмек беріліпті. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» аясында былтыр округ бойынша шаруа қожалықтар мен мемлекеттік мекемелерге жоспар 113 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланып, нәтижесінде 122 азамат тұрақты жұмыс тапқан.

Эльмира Байназарова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар