Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдық оқушылар енді арнайы автобустармен қатынайды

Жамбылдық оқушылар енді арнайы автобустармен қатынайды
Ашық дереккөз
Кеше Тараз қаласындағы «Достық» алаңында мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған 14 жаңа автобустың кілтін табыстау рәсімі өтті. Жаңа автобустардың кілтін мектеп директорларына табыстаған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев еліміздің ертеңгі болашағы саналатын оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына жағдай жасау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда екенін атап өтті.

Облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхит Нысанбаевтың айтуынша, республикалық бюджеттен лизингке алынған 14 автобустың жалпы құны – 645 600 000 теңге. Оқушылардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген автобустардың төртеуі 22 орындық болса, 10-ы 38 орындық. Айта кетерлігі, арнайы көтергіш құрылғылар арқылы мүмкіндігі шектеулі балалар да автобусқа емін-еркін мініп-түсе алады.

– Автобустардың кілті Тараз қаласы мен 6 ауданның (Шу, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай) білім бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорларына табысталды. 2023-2024 оқу жылында мектебі жоқ 39 елді мекенде тұратын мектеп жасындағы 923 бала, тек бастауыш мектептері бар 35 елді мекеннен 1 465 бала, тек негізгі мектептері бар 10 елді мекеннен 201 бала және ауыл, қала ішінде 4 949 бала, барлығы 7 538 бала мектептерге және кері қарай күнделікті тасымалдануда. Облыс бойынша оқушыларды күнделікті тасымалдайтын 110 автобус бар, – дейді М.Аманқұлұлы. Автобустарға мініп, жағдайын көзбен көрген Ербол Шырақпайұлы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын айтты.

Өз кезегінде білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары қолдау үшін аймақ басшысына риясыз алғыстарын білдірді. Шу ауданындағы С.Сейфуллин атындағы мектептің директоры Есболат Әліпбаев өз сөзінде қолданыстағы автобустың тозығы жеткенін айтты. Енді мектептің 71 оқушысы жаңа автобустармен қатынайтын болады.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар