Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жүйелі жұмыс жетістікке жетелейді

Жүйелі жұмыс жетістікке жетелейді
Ашық дереккөз
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен облыстың білім саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2024 жылға арналған міндеттер туралы білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

 Алқа мәжілісіне құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы биліктің және республикалық бағыныстағы мекемелердің, білім бөлімдерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұхит Нысанбаев баяндама жасады. Мұхит Аманқұлұлы өз сөзінде облыстағы білім саласындағы ауқымды жұмыстар «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында», ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігімен бірлескен «Жамбыл облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту» бойынша өңірлік жол картасында белгіленген көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

– 2023 жыл облыс оқушылары мен педагогтарының жетістіктеріне, жеңістеріне толы жемісті жыл болды. Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы он төртінші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын иеленді. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада облыс командасы жүлделі І орынды иеленіп, «Ең үздік команда» болып танылды. Сондай-ақ республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 100 үздік мектептің ресми рейтингіне облыстың 7 мектебі енгізілді. Облыстың оқушылары республикалық, халықаралық олимпиадалар мен байқауларда 359 медаль иеленді.

Биыл тұңғыш рет ауыл мектептері оқушыларының арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың республикалық кезеңіне 49 оқушы қатысып, 30 оқушы жүлдемен оралды. Облыс әкімінің қолдауымен өткен жылы 43 оқушыдан жасақталған облыстың құрама командасы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән олимпиадасына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиындарына қатысты. «World Skills» республикалық чемпионатына 23 құзыреттілік бойынша 25 студент қатысып, 16-сы жүлделі орынға ие болды.

Оның екеуі алтын, екеуі күміс, 12-сі «Үздік маман» медальон иегері атанды. Республикалық, халықаралық байқауларда 81 педагог топ жарды. 6 педагог республикалық «Үздік педагог» байқауында жеңімпаз атанды. 2023 жылы білім саласында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Ал 2024 жылға жоспар айқын, міндет зор, – деді Мұхит Нысанбаев. Жиын барысында Нұржан Сәбитұлы атқарылған жұмыстар бойынша білім бөлімдерінің басшыларына бірқатар сұрақтар қойып, кемшіліктердің алдын алу, жұмысты жүйелі жүргізу мақсатында тапсырмалар берді. Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дамеш Шайхықызы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау бойынша сөз қозғады.

 

АЙЖАН ӨЗБЕКОВА 

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар