Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бірлігіміз – татулықтың тірегі

Бірлігіміз – татулықтың тірегі
Ашық дереккөз
Жақында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және бизнес» факультеті өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе «Бірлігіміз – татулықтың тірегі» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды.

 Іс-шараға аталмыш институттың вице-президенті Махметғали Сарыбеков, «Экономика және бизнес» факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, институттың «Тәрбие және әлеуметтік» бөлімінің бас маманы, «Экономика және бизнес» факультетінің студенттері қатысты. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері де жиынға қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Келелі басқосуда «Бірлігіміз әралуандықта» қағидаттары негізінде бір мақсатқа жұмылдыратын, этносаралық бірлік пен татулықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар этнос өкілдері арасындағы ынтымақты насихаттайтын спорттық және мәдени шараларды жүйелі әрі тұрақты түрде ұйымдастыруды қарастыру жайы тілге тиек етілді.

Осы орайда айта кетсек, «Көне Тараз» этномәдени орталығы аумағында орналасқан «Достық үйі» – жұртшылыққа ұлтаралық мәселелер бойынша әдістемелік және консультациялық орталық ретінде белгілі. Әу баста облыстық «Кіші Ассамблея» деп ресми түрде құрылған мекеме қызметінің мазмұндылығы мен жүргізіп отырған жұмысының ерекше маңыздылығы қоғамда үлкен рөл атқара алуымен бағаланады. Осы жағынан алып қарасақ, аталған ұйым тиімділігін көрсетіп отыр деуге болады. Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздегі тұрақтылықты, ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті нығайтуға сүбелі үлес қоса отырып, консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органга дейінгі өрлеу жолынан өтті.

Ассамблея Қазақстан Республикасы Конституциясының, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларын адамдардың құқықтары мен бостандығын іске асыруды бейнелеуші негізгі қазақстандық демократия институттарының бірі болып отыр. Өңірлік Ассамблея халықаралық байланыстар деңгейінде де нәтижелі жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар облыстық Ассамблея хатшылығы құрылған кезеңнен бастап өңірдегі этносаралық қатынастар мәселесін оңтайлы шешіп отырған қоғамдық институт ретінде толық қалыптасты. Мекеме қоғамның барлық саласында өзінің белсенді қызметі арқылы ерекшеленді. Институционалдық тұрғыда негізделген мекеме облыстағы этносаралық татулық пен конфессияаралық келісімнің беделді орталығына айналып, полиэтносты қоғамымыздың өркендеуіне өзіндік зор үлесін қосып келеді. Өз кезегінде ұлтаралық бірлікті сақтау мақсатында біздің факультет түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады.

Қарлығаш НЫШАНБАЕВА, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ-дің

«Экономика және басқару»  кафедрасының меңгерушісі, 

экономика ғылымдарының кандидаты

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар