Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған

Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған
ашық дереккөз
Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған
Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелердегі туысқандары мен жақындарына сәлемдеме әкелушілер үшін тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасағандарға қолданылатын жаза жайлы жазбаша ескертпелер көрнекі жерде ілініп тұрады. Соған қарамастан, сотталғандар мен тергеу тұтқынындағыларға тыйым салынған заттарды жасырын түрде өткізуге тырысатындар көптеп кездеседі. Мәселен 2024 жылдың 22 ақпанында сағат 13:20 шамасында жедел ақпарат бойынша 58 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға азық-түлік өнімдерін беруді тексеру кезінде азамат К-дан тыйым салынған заттарды тауып алған. Атап айтқанда шелектегі «3 желания» майонезінен 2 (екі) дана көлемінде зарядтағыш түріндегі ұялы телефондарға арналған керек-жарақтар табылып, тәркіленді, нанның (қала нан) ішінен 1 дана ұялы телефон табылды. (бір) Бренд бірлігі: «SAMSUNG» (сенсорлық, жұмыс істейтін, IMEI коды анықталмаған).  width=  width=  width=  width=  width=  width=  width= Дайын өнімнің (қуырдақ) ішінен «OРРO», «РOСO» маркалы 2 (екі) бірлік көлемінде ұялы телефондар табылып, тәркіленді. (сенсорлы, жұмыс істейтін, IMET коды анықталмаған). Сондай-ақ пирогтың (дайын өнім) ішінен 2 (екі) маркалы ұялы телефондар: «OРРO», «РОСО» (сенсорлық, жұмыс істейтін, IMET коды анықталмаған) табылып, алынды. Бұған қоса кивидің ішінен «АЛТЕЛ» ұялы байланысының SIM карталары -3 дана, «Актив» -7 дана табылып, тәркіленді. Азамат тыйым салынған заттарды сотталған А. Оразалинге бермек болған. Нәтижесінде ұсталған К есімді азаматқа Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы қылмыстық кодекстің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, барлық құжаттар сотқа жіберілді
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар