Әлеумет
Жамбыл облысында дайын құжаттарды алуға арналған постоматтар ХҚКО-да орнатылды
- author AR-AY
- 22 ақпан, 2024
- 218
Жамбыл облысында дайын құжаттарды алуға арналған постоматтар ХҚКО-да орнатылды
Тараз бен Қордай қалаларында ХҚКО-да дайын құжаттарды беру постоматтары орнатылды, олар 24/7 режимінде жұмыс істейді. Азаматтар постоматтардан өз құжаттарын кез-келген ыңғайлы уақытта, тіпті жұмыстан кейін де ала алады.
Бұған дейін бұл пилоттық жоба Астана мен Алматыда енгізілген болатын. Қызмет алушылар постомат арқылы 2 мыңнан астам құжат алды. Енді Мемлекеттік корпорацияның инновациялық жобасы Шымкент, Тараз, Қордай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Семей қалаларында орнатылды.
Айта кетейік, сервис сұранысқа ие қызметтің 11 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде баланың тууын тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқалары және басқалары бар.
"Аталған қызметтер бойынша өтінімді рәсімдеу кезінде клиентке нәтижені постоматтан алу туралы ұсыныс айтылады. Клиент құжаттың дайын болғандығы туралы хабарламаны алғаннан кейін, 3 күннің ішінде құжатты алуы тиіс. Ұяшық биометриялық сәйкестендіруден өтіп, SMS-хабарламадағы 5 таңбалы кодты енгізгеннен кейін ашылады. Бұл үшінші тұлғалардың сервисті пайдалана алмауы үшін қауіпсіздік мақсатында жасалды", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, дайын құжаттардың нәтижелерін алу үшін қызмет алушыларға ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Келген SMS-хабарламаға келісім беріп, дайын құжаттарды үйге жеткізуге тапсырыс бере алады.
Постоматтар орнатылған ХҚКО-лардың мекенжайларының тізімі:
№ Қала ХҚКО мекенжайлары
1 Тараз қаласы Төле би даңғылы, 89Г
2 Қордай қаласы Батыс тұрғын алабы, 25
Келесі мақала